Сәлеметсіз бе, бұл тарауда біздер ресми сайтымызға кірушілердің сұрақтарына жауап береміз. Төменде сұрағыңызды қоюға болады, біздер тез арада жауап беруге тырысамыз».

Комментарии  

# Тұрсынбек 26.07.2019 05:53
Ассалаумағалейкүм әкім мырза. Сұрағым Ақсай кішкентай қала неге қоқыс уақытылы жиналмай жатыр? Компаня ауысты дедіңіз бұл компаняда жинамай жатыр, айға жуықтадығо 7,9,11,12,13,общи1, общи2 ықшам аудандарында мүлдем жиналмай айнала ұшып жатыр, уақыт тауып өзіңіз осы жақты аралап көрсеңіз болады. Жылдың басында тендрды өтізгенде комисия мүшелері не қараған? Техникасы жоқ компания тендрды қалай ұтып алған?
Ответить
# Тұрсынбекке 26.07.2019 05:54
Құрметті Тұрсынбек!

Аудан әкімі С.Әлиевтің блогына түскен өтінішіңізге орай, қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметін «Aksai Green Servis» ЖШС көрсетіп келді. Бірақ, аталған мекеме жүкетелген міндеттерін орындай алмағандықтан, көрсетіп жүрген қызметті тоқтатты. Осыған байланысты «Асар» атты екі апталық науқан жарияланды, науқанды «АксайГазСервис» АҚ, «Казбургаз» АҚ, «Аксайбизнесстрой» ЖШС, «Зеленстрой» ЖШС, «АИR group» ЖШС, «DEM services» ЖШС, «НазТур» ЖШС және «Италиев» ЖК қолдады. Аталған мекемелердің көмегімен жиналып қалған қоқыс қала аумағынан шығарылып жатыр. Қазіргі уақытта қаланың 1,2,4,5 және 10 шағынаудандарынан, солтүстік пен оңтүстіктің (Шаңхай) бөлігіндегі қоқыс алаңдарынан қоқыс шығарылып болды. Бүгінгі күні қаланың орталық көшелерінен және Қызылтал ауылынан қоқыс шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Осыған қоса, 2019 жылғы 18 шілдедегі №29 «Будни Аксая» газетінде «DEM services»ЖШС-нің қоқыс шығару қызметтерін көрсету бойынша жеке тұлғалармен жариялық келісімшарты жарияланды. Науқан аяқталғаннан кейін «DEM services»ЖШС өз міндеттеріне көшеді. Ақсай қаласы әкімінің аппараты қоқыстың уақтылы шығарылуына бақылау жүргізіледі.
Ответить
# Гариполла Балтабаевич 25.07.2019 12:56
Ассалаумағалейкум Санджар Жуматаевич,
4 микр-н ,4 үй балалар ойнайтын ойын алаңында 2014-2015 жылдары модернизация,ремонт жасалған.Соған қатысты құрылыс кезінде балалар ойнайтын орнында ( СНиП-ГОСТ) бойынша сәйкес келмейтін өте биік металлоконструкция кұрастырылған бірнеше рет балалар құлаған жағдайлар болды.
Сіздің көмегіңіз болса сол металлоконструкцияны демонтаж жасауға тұрғындар артынан сұраймыз.
Ізгі ниетпен
Ғариполла
Ответить
# Ғариполла Балтабайұлына 25.07.2019 12:57
Құрметті Гариполла Балтабай ұлы!

Аудан әкімі С.Әлиевтің блогына түскен, Ақсай қаласы 4 шағынауданы 4 үйдің қасындағы ойын алаңы жөніндегі өтіңішіңізге орай, қазіргі уақытта Ақсай қаласы әкімінің аппараты 16 балалар ойын алаңдарын сатып алу жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатқанын хабарлаймын. Бұл мәселе шешілген жағдайда, Сіздің 4-ші үйдің аумағында жаңа 1 ойын алаңы орналастыру жоспарлануда.
Ответить
# Машгулова Гулдари Утемисовна 25.07.2019 12:51
Саламатсыз ба, Әлиев Санжар Жуматайулы! Мени мазалаған сурак тургын үй мәселесі... Мениң жасым 25-те, 4 баланың анасымын. Аксай каласында жеке үйымыз болмаған соң, мен ауылда ата-енемнин уйнде турып жұмыс жасаймын, тәрбиеші лауазымда, ал жолдасым Аксай каласында жургизушы болып жұмыс істейді. Балалардың алды енді мектепке барады. Туратын уйымыз жок, кезекке турган едик, кезегимиз келмей жатыр. Айткым келгени, Лаззят Ибрагимовтың хабарлауымен көп балалы отбасыларға, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға т.б . арнап ЖССБ 2%-бен бастапқы жарна 10%-ын төлеп баспанаға қол жеткізуге болатынын айтқан еди. Осы бағдарлама жайлы не айтасыз, миллион сертификат ше? биз осыган кол жеткізе аламызба???
Ответить
# Г. Машгуловаға 25.07.2019 12:53
Аудан әкімі С.Әлиевтің блогына түскен өтінішіңізге орай, жолдасыңыз Машгулов Жамбыл Адылханович 2019 жылдың 13 наурызында Бөрлі ауданы бойынша тұрғын үйге мұқтаждар тізіміне көп балалы отбасы ретінде тіркелгенін хабарлаймын. Бүгінгі күні тұрғын үйге мұқтаждар тізіміндегі кезек №79.
ҚТҰҚЖБ арқылы 10% бастапқы жарна 2% жылдықмөлшерде несиелеу арқылы жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасының шарты бойынша тұрғын үй қатынастары туралы Заңының 74 бабына сәйкес несиеленуге жолдама тек кезек ретімен беріледі.
Бүгінгі күні, Бақытты отбасы бағдарламасы бойынша несиеленуге жолдама Бөрлі ауданының көп балалы отбасыларына тұрғын үй кезегінің басында тұрған 9 отбасына бөлінгендігін хабарлаймын.
Ответить
# Ботагоз 12.06.2019 06:19
саламатсызба мен 4 баланын анасы едим мен пособияга дакумент жинадым бирак прописка жок болгасын оте алмай отырмын пособия алалмай отырм наурыз айдан бери барып журдим сурадым е халыккада бардым карастырамыз акимменде солестик карастырамыз деди апреля де бардым то же солай дет мине майдын басында да бардым жок дет озиниз карастырыныз пропискс болмасы жибермейт дет кайдан билейн сол акшагы оз калтасына салсада кудай билсин менде сол прописка ушин уйге де тиркеле алмай отырм уйим жок кайда барып турам коп баламен казир ешким тиркеси келмейт озин жалдап отырмыз жолдасын алатын акысыда жетпейт барин жалдап откан уйге беремиз кишкене акшамыз болганда тамагымды алам болды сонымен кун корип отырм кызым сабакка барат екинши кызым быйл барат барине кейм керек сиздерден комек сурап едим кайтарып тастайт тусиникпен карап бир комек берсениз дим озимиздин уй болганын калаймыз балдарым али кишкентай отиниш комек беринизши
Ответить
# Ботагозге 12.06.2019 06:20
Сізге көпбалалы отбасы ретінде, атаулы әлеуметтік көмегі шартты ақшалай көмек түрінде 1 жылға дейін мерзіміне 2019 жылдың мамыр айынан бастап тағайындалды. Ай сайынғы төлеміңіз 117242 теңге.
Сіз, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңының 7 бабы 2 тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін өзгерту үшін негіз болатын немесе оны алуға құқық беретін мән-жайлар туралы, халықты жұмыспен қамту орталығына 10 жұмыс күннің ішінде хабардар етуге міндеттісіз.
Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының 51 бабы 2 тармағының 1 тармақшасына сәйкес, Сіздің жолдасыңыз тұрғылықты мекенжайы бойынша тұрақты немесе уақытша тіркелуі тиіс.
Берілген жауаппен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 12 бабына сәйкес, Сіз өзіңіздің құқығыңызды қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылысыз.
Ответить
# Самал 30.05.2019 14:45
Сəлеметсіз бе, Санжар Жұматайұлы. Жер телімін алу кезегі келді деп таныстарымнан естіп əкімшілікке барсам расында беріліп жатыр екен.25 ші тамыз 2017жылы,220 бөлмеге қажет деген құжаттарды тапсырдым. Өзіміз хабарласамыз деп телефон нөмірімді жазып алып қалды. Бірақ ХАБАРЛАСПАДЫ. Содан тағы да құжат тапсыру қажет деген хабарды тағы да таныстарымнан естідім. 2019жылдың 5ші ақпанында барып құжаттарды тапсырдым. Қабылдап алды. Өзіміз хабарласамыз деді. Енді міне содан 3 ай өтті əлі хабар жоқ. Өзім кішкентайлы бол ан соң шыға алмай отырмын əрі жағдайым да жоқ. Əкімшілік телефон нөмірі жасамайды :87113375606. Не себепті хабар əлі жоқ? Аты -жөнім Кисыкова Самал Ересовна.
Ответить
# Самалға 30.05.2019 14:46
Құрметті Самал!
Сіздің 2019 жылғы 06 ақпандағы Ақсай қаласы әкімі аппаратына жазған жер беру туралы арызыңыз бойынша аудандық жер комиссиясы жер беру туралы оң шешім қабылдады.
Аудандық жер қатынастары бөлімінің мамандары жер беру туралы өтінішінізде көрсетілген телефон 87779830826 нөміріне қоңырау шалып, алайда хабарласу мүмкін болмады(нөмір тіркелмеген).
Жер комиссиясының қорытындысын алу үшін Ақсай қаласы, Абай көшесі, 3/1 мекенжайы бойынша «Бөрлі ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (122 бөлме) хабарласу қажеттігін қаперіңізге саламыз. Барлық сұрақтар бойынша 52993, телефон нөмірлері бойынша хабарласа аласыз.
Берілген жауаппен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 12 бабына сәйкес, Сіз өзіңіздің құқығыңызды қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылысыз.
Ответить
# Сәндігүл 29.03.2019 14:48
Сәлематсыз ба, аудан бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурс қайда жарияланады? Сайтта жалпылама ұсынылған. Мен нақты фунуционалдық міндеттер бойынша қарайын деп едім. Алдын-ала рахмет!
Ответить
# Сәндігүлге 29.03.2019 14:49
Құрметті Сәндігүл!
Сіздің жолдаған сауалыңызға төмендегіні хабарлаймыз:
Бөрлі ауданы бойынша «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға хабарландырулар Бөрлі ауданы әкімі аппаратының aksai-bko.gov.kz сайтында «Мемлекеттік қызмет» бөлімінің «Кадрлық қамтамасыз ету» бөлімшесінде жарияланады. Хабарландыруларда бос әкімшілік мемлекеттік лауазымның функционалдық міндеттері толық көрсетіледі.
Анықтамалар алу үшін келесі телефондарға хабарласуға болады: 8(71133)20509;8(71133)20509.
Ответить
# Гариполла Балтабаевич 18.03.2019 13:30
Саламатсыз ба СанджарЖуматаевич.
Менің сұрағыма жауап берсеңіз?
Пәтер жылуы тұралы, көктем уақытымен келді ,ауарайы жылынды. Жазып тұрған себебім пәтердеге тұрған батарея температурасы өте жоғары (қысқы температурасымен қыздырып тұрады) шамамен 70-80 С*. Түнде терезе ашуға қорқамыз кішкентай балаларға салқын тиып қалуы мүмкүндік бар.Егер де батареяның температурасын 40-50 С* дейін "Орталықжылыту " түсірсе жақсы болар еді және энергия үнемдеу жағынан.
Ізгіниетпен ,
Рахмет,
Гариполла
Мекенжайым: Аксай қаласы 4 микр, 4 үй ,48 пәтер
Ответить
# Гариппола Балтабаевичке 18.03.2019 13:31
Құрметті Гариполла Балтабаевич!


Аудан әкімі С.Әлиевтің блогына түскен пәтердеңізгегі батареяның температурасын азайту мәселеңізге орай, орталық қазандықтан берілетін жылу бекітілген кесте бойынша берілетінін хабарлаймыз.
Жылу жүйесінін температурасын түсірген кезде ыссы судың температурысы төмендетіледі. Осыған орай, пәтерлеріңіздің жылуын азайту үшін үйіңізді басқарып отырған жеке пәтер кооперативпен бірлесіп жылу жүйесі кіреберісінен ысырма арқылы температурасын басуға болады.
Ответить
# Галым 07.02.2019 04:45
Салеметсізбе Санжар Жұматайұлы. Сізге кояр сурагым бар еді, есімім Галым ,уиленгем екі балам бар.Медицина саласында медбрат лауазымында жұмыс жасаймын.10 мкр да общежития берілді деп естігем медицина кызметкерлеріне.менде документ тапсырып алаиын дегенмін. Кайда жолығуға болады.
Ответить
# Галымға 07.02.2019 04:46
Құрметті Ғалым! Сіздің Ақсай қаласының 10 ықшамауданындағы көппәтерлі №17/1 үйден пәтер алу жөніндегі мәселеңіз бойынша: ол үйден Ақсай қаласы мен Бөрлі ауданы мұқтаж жоғары білімді медицина қызметкерлеріне «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Бөрлі аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің кәсіподақ комитетінің ұсынысымен пәтер берілді. Сіз, бюджеттік мекеменің қызметкері ретінде кезекке тұрып кезегіңіз бойынша пәтер ала аласыз. Кезекке тұру үшін Сіз, Бөрлі ауданының халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуіңіз қажет. /Бөрлі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен толық ақпарат ала аласыз. Байланыс телефоны: 52-8-56.
Ответить
# Акмаржан Аскаровна 16.01.2019 07:59
Құрметті Санжар Жұматайұлы! Алдыңғы сұрағымда сізден Пугачев ауылының жарық жағдайы жөнінде айтқан болатынмын!! Нақтылап айтсам өзім Астана бұрыңғы Степная көшесінде тұрамын, 2-отделениеде! Достық көшесінде жаңа жарықтар орнатылғанын білемін! Бірақ менің сұрағым сізден үйдің жарығының кешкі уақытта сығырайып жану себебін,және сонымен қатар ол қашанға дейін жалғасатынын сұраймын! Қашан үй жарығы жап-жарық болып жанады?
Ответить
# Акмаржан Аскаровнаға 16.01.2019 08:00
Құрметті Ақмаржан Аскаровна!


Сіздің 2018 жылғы 28 қаңтардағы электр кернеуінің тұрақсыздығы жөнінде менің блогыма жолдаған өтінішіңізге хабарлаймын:
Пугачев ауылы, Астана көшесіндегі тұрғын үйлерге беріліп тұрған электр қуаты 2- фаза электр желісінен алынады, ал енді көше жарық шамдарының электр қуатын 5-фаза электр желісі қамтамасыз етеді. Тұрғын үйлерге электр қуатын жеткізетін 2-фаза электр желісі «Аудандық электр торабы» АҚ-ның теңгерімінде болғандықтан, Сіздің электр кернеуінің тұрақсыздығы жөніндегі мәселе бойынша өтінішіңіз жоғарыда аталған мекемеге жолданды.
Ответить
# Нурлыгуль 05.01.2019 06:21
саламатсызба Аким мырза .мен Дюсембаева Нурлыгуль Батваевна.Борли ауданы Аксай каласында Мемлекеттик кызметкер ретинде тургын уйге кезекке 2009 жылы турдым.Кейин тизим де жок болып шыктым.Соны архивтен карап издеуиме боладыма.Ол кезде электронды нуска емес тек дело га салып тапсырдык.Ол калай сонда мен тизимде бар болдым.барып карап журдим.Алайда кейин шыгарп тастайды.ол калай сонда.????????
Ответить
# Нурлыгульге 05.01.2019 06:22
Құрметті Нурлыгуль!

Аудан әкімі С.Әлиевтің блогында тұрғын үй кезегінен шығару мәселеңізге келесіні хабарлаймыз:
Сіз 2009 жылдың 2 желтоқсанында мемлекеттік қызметшілер және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің тізіміне кезекке қойылдыңыз. Алайда, аудандық тұрғын үй комиссиясының 2012 жылғы 27 тамыздағы № 10 хаттамасының шешімімен ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы»Заңының 73 бабына сәйкес, Бөрлі аудандық орталық ауруханасындағы қызметіңізден өз еркіңізбен босатылуыңызға орай тұрғын үйге мұқтаждар тізімінен шығарылдыңыз.
Ответить
# Акмаржан Аскаровна 25.12.2018 13:19
Саламатсызба құрметті Ақсай қаласының әкімдігі! Сұрақ Бөрлі ауданы Пугачев ауылының жарығы туралы сұрайын дегенім! Күн сайынғы ауыл xалқының айтатыны кешкі уақытта жарық өте шамалы жанатындығы бұл қай уақытқа дейін жалғасады?
Ответить
# Акмаржан Аскаровнаға 25.12.2018 13:20
Құрметті Ақмаржан Аскаровна!

Аудан әкімі С.Әлиевтің блогына жазған Пугачев ауылындағы көше жарығы жөнінде сұрағыңызда нақты көше көрсетілмегендіктен, толық жауап беру мүмкіндігіміз болмай отыр.
Алайда, Пугачев ауылының электр жүйелері 90% тозғандығын назарыңызға жеткіземіз. Осыған байланысты Пугачев ауылдық округі әкімі аппаратының тарапынан ауылдың электр жүйелерін ауыстыру қажеттілігі жөнінде аудандық электр жүйелері бөлімінің басшысына хат жолданды.
Оған қоса, 2018 жылы ауылдық округ әкімі аппаратының қаражатына Пугачев ауылының 2 көшесіне (Достық, Жеңіс) 2 жаңа трансформатор орнатылды.
Ответить
# Тұрсынбек 25.12.2018 08:52
Ассалаумағалейкүм Әкім мырза. Мен Ақсай қаласының тұрғынымын. Сізге қояр бірнеше көкейтесті сұрақтарым бар. 1) Өзіңіз көріп жүрген боларсыз қаланың ішкі жолдары неге қардандұрыстазаланбайды? 2) Неге жолға тұз немесе құм шашпайды? 3)Обший1 ықшамауданындағы Миргород көшесі қашан қыста қардан, көктем мен күзде балшықтан құтылады екен? 4) Осы ықшамаудандарға общий кәріз жүйелері салынады? Алдын- ала рахмет, Тұрсынбек.
Ответить
# Тұрсынбекке 25.12.2018 08:53
Құрметті Тұрсынбек!


Аудан әкімі С.Әлиевтің блогында көтерген Ақсай қаласының жолдарын қардан тазарту мәселеңіз бойынша, Бөрлі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мердігер ұйымдары «Сардар» ЖШС және «АксайТемпСтрой» ЖШС-мен келісім-шарт міндеттерін орындамауына байланысты келісім-шарттар бұзылып, қазіргі уақытта жолдарды күтіп ұстау жұмыстарын жүргізуге «АИР Group» ЖШС және «ДокаСтройКом» ЖШС –мен қосымша келісім шарт жасалынды.

Аталған мердігерлер Ақсай қаласы көшелерінің (соның ішінде Миргород көшесі) автокөлік жолдары мен жүргіншілер аяқжолдарын қардан тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар, Общий 1 ықшамауданында жеке үйлер болуына байланысты орталықтандырылған кәріз жүйесін салу мүмкіндігі жоқ екендігін хабарлаймыз.
Ответить
# Тұрсынбек 21.12.2018 05:21
Ассалаумағалейкүм Әкім мырза.
Сұрағым және өтінішім сізден мынандай Қаланың мусор қоқыс тазалайтын компаня қызыметіне көңіл толмай жүр, уақытылы тазаланбайды, қоқыс таситын Камаз және трактор арбалары қоқыс толтырғанда бетін жаппайды, соның кесірінен тиелген қоқыс желмен қайта ұшып шашылады көше бойы. Осыны өзіңіз тазалайтын компаня басшыларына жеткіз сеңіз? Алдын -ала рахмет. Тұрсынбек.
Ответить
# Тұрсынбекке 21.12.2018 05:22
Құрметті Тұрсынбек!


Аудан әкімі С.Әлиевтің блогында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару туралы көтерген мәселеңізге орай, Ақсай қаласы бойынша тазалайтын «Аксай тазалық КZ» ЖШС-гі айналысатындығын хабарлаймыз. ҚТҚ контейнерлерін уақтылы тазалау, сондай-ақ ҚТҚ таситын көліктердің арбаларына ҚТҚ толтырғанда бетін арнайы жапқышпен жабу туралы шара қолдану үшін «Аксай тазалық КZ» мекемесіне хат жолданды.
Ответить
# Тұрсынбек 19.12.2018 06:58
Ассалаумағалейкүм Әкім мырза.
Сұрағым Ақсай қаласына қашан Эфирлық цифырлық телеарналары қосылады?
Алдын - ала рахметТұрсынбек.
Ответить
# Тұрсынбекке 19.12.2018 06:58
Құрметті Тұрсынбек!

Аудан әкімі С.Әлиевтің блогында цифрлық телевизиялық станциясының жұмысы жөнінде көтерген мәселеңіз бойынша, «Қазақстан Республикасында цифрлық өңірлік таратуды енгізу және дамыту» жобасы аясында Ақсай телевизиялық стансасында жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатырғанын хабарлаймыз.
Облыстық «Казтелерадио» дирекциясының мәліметі бойынша жаңғырту жұмыстары біздің ауданымызда 98 пайызға орындалған. Жаңғырту жұмыстары толық аяқталған соң, Ақсай телевизиялық стансасы іске қосылады.
Ответить
# Кайрат Изимов 24.11.2018 07:48
Құрметті СанжарЖұматайұлы!
Мен, Кайрат, өз басымда жеке пәтерім жоқ және де еш жерде пәтерге тіркеуде емеспін. Осы қалада тұратын туған апамныңекі бөлмелі пәтерінде ата-анаммен және апам үш ұлы мен тұрып жатырмыз. Әкем зейнеткер, анам зейнеткер және І топ мүгедегі. Сізден сұрайын дегенім, менің жағдайымда АТК-дан қалай жалдамалы пәтерге қолжеткізуге болады.
Ответить
# К. Изимовке 24.11.2018 07:48
Аудан әкімі С.Әлиевтің блогына жазған, Ақсай қаласы 10 ы/а №17/1 үйден уақытша пәтер беру туралы өтінішіңізге орай, келесіні хабарлаймыз:
Аталған үйге апатты жағдайдағы Ақсай техникалық колледжі жатақханасының тұрғындары көшірілген.
Қалған бөлмелер Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67 бабы, 3 тармағына сәйкес, Ақсай қаласына қажет болған денсаулық сақтау, білім беру, ішкі істер, мәдениет және спорт саласындағы мамандарына берілді.
Осыған байланысты, Ақсай қаласының 10 ықшамауданындағы жаңадан іске қосылған үйден пәтер беру мүмікіндігіміз жоқ.
Тұрғын үй кезегіне тұру мәселесі бойынша Бөрлі ауданының тұрғын үй инспекциясы бөліміне Ақсай қаласы, 2ы/а №7 үй мекенжайы бойынша (Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимараты) немесе 31039 телефон нөмірі бойынша хабарласуыңызға болады.
Ответить
# Мусин Ерхан Нұраділұлы 20.11.2018 14:45
Ассалаумағалейкүм Әкім мырза!....... Менің сұрағым менің әкем Исламғалиев Нұраділ Мусаұлы... Жер телімін алу бойынша тізімге отырып еді 2008 жылы...қазір сол жердің берілуін күтіп жүргенімізге 10шы жылдың аяғы болды.. әліде беріле қоймады!? Енді сұрақ:. 1) Жер телімінің осыншама ұзақ уақыт күтілуіне не себеп 10 жыл уақыт... 2) Тізім бойынша менің әкем қазір қай орында тұр?.... 3) Ол жер нақты қай жерден беріледі және қай уақытқа диін созылмақшы әлі?....рахмет жауап күтемін... осы күнге диін гі жазғандарым шықпай жатыр .... со дада да жазып жүрмін... мен жазған уақытта басқа жазған адамдардың сұрақтары шығып жатсада...
Ответить
# Ерхан Нұраділұлы Мусинге 20.11.2018 14:46
Құрметті Ерхан Нұраділұлы!

Сізге аудан әкімі С.Алиевтің блогында 14.11.2018ж.күні көтерілген сұрақтарыңыз бойынша келесіні хабарлаймыз:
1. ҚР Жер телімін ұзақ уақыт күту себебі Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес, тұрғындарының есептік саны жиырма мың адамнан асатын елдi мекеннiң егжей-тегжейлi жоспарлау жобасы немесе бас жоспарлары және тұрғындарының саны жиырма мың адамға дейінгі елді мекеннің егжей-тегжейлі жоспарымен біріктірілген бас жоспарлары (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейiнгi елдi мекендердi дамытудың және құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасы) болмаса, құрылыс үшiн жер учаскелерiн беруге тыйым салынады. Ақсай қаласының бас жоспары 2016 жылы бекітілді.
Сонымен қатар ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №250 бұйрығымен бекітілген Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережесіне сәйкес, жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөліп берілетін алаңдардың инженерлік коммуникация жүйелерінің құрылысы өткізілгеннен кейін ғана беріледі.
2. Сіздің әкеңіз Исламғалиев Нұраділ Мусаұлы Қызылтал ауылында тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алатын арнайы тізімде 2008 жылдың 04 қарашадағы №844 өтінішіне сәйкес, №288 болып тұр.
3. Жер учаскелерінің алаңдары дайын болған кезде және инженерлік коммуникация жүйелерінің құрылысы аяқталғаннан кейін, тиісті кезегі келген уақытта Сіздің әкеңіздің өтініші мүмкіндігінше қанағаттандырылады.
Ответить
# МУСИН ЕРХАН НҰРАДІЛҰЛЫ 20.11.2018 13:07
Ассалаумағалейкүм... Менің сұрағалы отқаным менің əкем Исламғалиев Нұраділ Мусаұлы 2006-2007 ші жылдар аралығында жер алу тізіміне орналасқан болатын.қазіргі уақытта естуім бойынша жер Аралтал ауылынан беріледі деген болатын.енді білгім келетіні сұрағым...ол жер тізімі бойынша қазір қай орында тұрғаны жəне неше жылдан соң берілетінін білгім келеді....Естуім бойынша қазір жер емес үй салынып беріледі деп те естіп жатырмын бұл сөз қаншалықты шындыққа жанасады жəне салынып берілген жағдайда қанша жылға соз лмақшы тағыда....осы сұрақтарыма жауап берсеңіздер?қарапайым тілмен жақсылап түсіндіріп өтсеңіз. Қаралады қаралуда жоспарда тізімде деген секілді емес нақты жауаптар керек еді осы жылы жер беріледі немесе осы жерден осындай үй салынып беріледі деген секілді рахмет жауапсыз қалдырмаңыздаршы
Ответить
# МУСИН ЕРХАН НҰРАДІЛҰЛЫНА 20.11.2018 13:08
Құрметті Ерхан!

Сіздің әкеңіз Исламғалиев Нұраділ Мусаұлы Қызылтал ауылында тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алатын арнайы тізімде 2008 жылдың 04 қарашадағы №844 өтінішіне сәйкес, №288 болып тұр.
ҚР Жер телімін ұзақ уақыт күту себебі Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес, тұрғындарының есептік саны жиырма мың адамнан асатын елдi мекеннiң егжей-тегжейлi жоспарлау жобасы немесе бас жоспарлары және тұрғындарының саны жиырма мың адамға дейінгі елді мекеннің егжей-тегжейлі жоспарымен біріктірілген бас жоспарлары (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейiнгi елдi мекендердi дамытудың және құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасы) болмаса, құрылыс үшiн жер учаскелерiн беруге тыйым салынады. Ақсай қаласының бас жоспары 2016 жылы бекітілді.
Сонымен қатар ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №250 бұйрығымен бекітілген Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережесіне сәйкес, жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөліп берілетін алаңдардың инженерлік коммуникация жүйелерінің құрылысы өткізілгеннен кейін ғана беріледі.
Жер учаскелерінің алаңдары дайын болған кезде және инженерлік коммуникация жүйелерінің құрылысы аяқталғаннан кейін, тиісті кезегі келген уақытта Сіздің әкеңіздің өтініші мүмкіндігінше қанағаттандырылады.
Тұрғын-үй салып беру туралы сұрағыңызға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы №372 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасында жеке тұрғын үй құрылысын дамыту (5.3 тармағы) қарастырылған. Осы жобадағы тұрғын үй жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерін алуға кезекте тұрған азаматтарға өткізіледі. Пилоттық жобаға қатысатын кезекте тұрған адамдар, өз қаражаты есебінен, Қазақстан тұрғын үй құрылысы жинақ банкі және Екінші деңгейлі банктердің ипотекалық қарыздары арқылы дайын тұрғын үйді сатып ала алады.
Бөрлі ауданында осы бағдарлама бойынша 106 жер учаскесі рәсімделіп жатыр.
Жер мәселесі жөніндегі барлық сұрақтарыңызбен Аксай қаласы Абай данғылы 3/1 мекенжайында орналасқан Ақсай қаласы әкімінің аппаратына (220 каб.) және 75606 телефоны арқылы хабарласа аласыз.
Ответить
# Шайжанова Альбина 06.11.2018 11:04
Сәлеметсізбе. Менің жолдасым Аксай қаласына жерге кезекке тұрғанына 11жыл болды биыл беріледі деп шақырып Уведомление берді. Енді жер берліп бастады деп жатыр.Жолдасым вахталық жұмыста айдың соңы келеді. Мен жолдасымның орнына барсам болама неке қию куәлігімен, не болмаса жолдасым келгесін барса жәй болып калмайма. 11 жыл күткенде бекерге айрылып қалмаймызба. Қандай байланыс телефон номерлері бар екен.
Ответить
# Шайжанова Альбинаға 06.11.2018 11:17
Аудан әкімі С.Әлиевтің блогына жазған жер беру туралы хабарлама жөнінде келесіні хабарлаймыз: хабарлама берілгеннен кейін азаматтардың жазған арыздары «Жерді пайдалануға немесе жер учаскелерін жеке меншікке беру туралы ұсыныстарды қарайтын комиссияның қорытындысын» дайындау мақсатында Бөрлі ауданының жер қатынастар бөліміне жолданады. Сіз жолдасыныздың атынан сенім хат арқылы әрекет етуіңізге болады.
Жер учаскесі бойынша барлық сұрақтарыңызбен Аксай қаласы, Абай данғылы, 3/1 мекенжайында орналасқан Аксай қаласы әкімі аппаратына 220 кабинетне және 75606 жолыға аласыз.
Ответить
# Бекберлиева Арайлым Биржановна 06.11.2018 11:01
Cәлеметсіз бе! Қызылтал Стройтельная 4 ауданына жол қашан төселеді екен? Жолды бастады, бірақ басталған іс аяқсыз қалды.Ең болмаса аялдамаға дейін тас төселсе екен.Күздігүні мен көктем мезгілінде жол батпақ көлік жүрмейді.Жол мәселесі бізді толғандырып келеді.Қазақстанның жері бай бола тұрып, мидай батпаққа батып жүргеніміз қандай өкінішті....Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді демекші, жауын-шашын басталса, резеңке етіктен аяқтарына сыз өткен адамдар аялдамада жолға қарайлап:" Бізді қай көлік ал ып кетеді екен?"- деп жолға телміріп тұрғанын көресің.Жолдың мәселесі қашан шешілер екен...Осы жол биыл аяқталар ма екен?....
Ответить
# Бекберлиевой Арайлым Биржановне 06.11.2018 11:02
Құрметті Арайлым!

Қазіргі уақытта «Строительная 4 көшесі жолының күрделі жөндеу» жобасы бойынша «Асыл строй» корпорациясы» ЖШС-мен жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауға келісім шарт жасалды.Аталған жобамен көше жолдарын асфальтбетонмен жабу, жарықтандыру құрылғыларын орнату, арық және жаяу жүргінші жолдарын, жол белгілері мен таңбаларын жасау қарастырылған. Әрі қарай қаражаттың бөлінуіне қарай құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.
Ответить
# Жайнагуль 01.11.2018 06:06
Саламатсызба ?
Мен Аксай қаласы оңтүстік аймақтың (Шанхай ) ауданының тұрғынымын. Мені және көше тұрғындарын алаңдататын мәселе жарық мәселесі ауыладымызда 21 ғасыр бұл не масқара 1 айдың көлемінде кеш мезгіл болса жарық өшіп қалады , РЭС қа қоңырау салсаң бізге жатпайсыз ЖКХ диді олар телефондарын көтермиді. Акиматқа қоңырау салсаң қазір қосады дейді, сөйтіп 2-3 сағат жарықсыз отыруға тура келеді, Сізді Вахта қалашығымен қосып қойған деп шықты вата қалашығы трансформатор көтерми тұр қосылады деп айырып тастайды. Вахта қалашығындағылар тоқпен қолданған дықтан әрине көтермиді,балалар сабақ оқыр уақытта қайталанады ,алдымыз болса қыс, қыс келген уакыттада осылай болама мәселе қалай қашан шешіледі екен. Осындай керемет заманда қаланың қақ ортасында тұрып мынандай жағдай орын алған әрине жақсы емес
Ответить
# Жайнагүлге 01.11.2018 06:06
Аудан әкімі С.Әлиевтің блогында көтерген Ақсай қаласының оңтүстік бөлігіндегі жарықпен қамтамасыз ету мәселесі бойынша Бөрлі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мердігері «Энергоремсервис» ЖШС-мен Ақсай қаласының оңтүстік бөлігінде орналасқан трансформатордағы автомат құрылғысын ауыстыру жұмыстары жүргізіліп, қазіргі уақытта энергия жарығын тарату қалпына келтірілгендігін хабарлаймыз.
Аталған жағдай қайталанған жағдайда, Бөрлі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне 8 (71133) 75660, 75661 және 75659 телефондары бойынша хабарласуыңызға болады.
Ответить
# Иса 20.10.2018 10:56
Саламатсызба, Санжар Жұматайұлы!
Мен Бактыарал ауылында мал ұстаймын, қожалық МИР. ірі қара 48 бас, мал бағуға жер сұрап алалалмай жүрмін, қашан алуға болады? ZEM.kz сайтында біздің Бөрлі ауданы ешқандай мәләмет салынбайды, жаңартылмайды, күзден 2017ж, байқап келем. Сұарпа тұрған жерім 300га толмайды, Кентубек ауылынан 3-4 км.154 га егістігім бар, Ақсу а/о 239 жәйіліс бар, Кентүбек округінен жәйіліс алуға көмектессеңіз,
mob +7 777 424 5000
ізгі ниетпен Иса
Ответить
# Исаға 20.10.2018 10:57
Аудандық жер қатынастары бөлімі «zem.kz» порталын жасақтаушы заңды тұлғамен тамыз айында шартқа отырған болатын, қазіргі кезде аталған порталдағы электрондық картаға бос жер учаскелері және конкурс, аукцион арқылы берілетін жер учаскелері туралы мәліметтерді орналастыру жұмыстары жүргізуде.
ҚР Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес, шаруа қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер беру конкурс негізінде жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде ауданымыздың ауыл шаруашылығы мақсатындағы 11 жер учаскесіне, соның ішінде Кентүбек ауылдық округ аумағынан жер пайдалану құқығын (жалға) беру жөнінде 2018 жылдың 11 қазанында жергілікті «Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести» баспасөз басылымына және «zem.kz» сайтына, сонымен қатар Бөрлі ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында (http://aksai-bko-gov.kz) 2018 жылдың 12 қазанында жарияланды.
Осы ретте, Сіздің өтінішіңізде айтылып отырған Кентүбек ауылдық округі аумағындағы жер учаскесі бойынша конкурсқа шығару үшін аудандық жер қатынастары бөлімі ҚР жер заңнамасына сәйкес тиісті органдармен келісім жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесі бойынша қосымша хабарланатын болады.
Ответить
# Сагингали 11.10.2018 04:29
Қайырлы күн, Қызылтал ауылы, 3 Құрылыс көшесі электр желісімен қамтылмаған. Қазіргі таңда 3Құрылыс көшесінде 100-ден аса үй бар. Тұрғындар өз қаражатымен жақын маңдағы көшелердің электржелісіне қосылған. Бірақ бұл көшелерде тұтынушылардың шамадан тыс болуына байланысты қажетті мөлшерде электр кернеуін алу мүмкін емес. Бұл тұрғындардың денсаулығына, тұрмыстық техниканың (электр) тез істен шығуына кесірін тигізеді деп білем. Сондықтан бұл мəселені кейінге кешіктірудің қажеті жоқ сияқты. Бұл сұрақты 6жылдан бері қойып келемін. Жағымды шешім қабылдап,қолға алады деп сенемін. Рахмет.
Ответить
# Сагингалиға 11.10.2018 04:29
Құрметті Сагингали!

Сіздің Бөрлі ауданы әкімі С.Әлиевтің блогына көшеңізді электр желісімен қамту жөнінде жазылған өтінішіңіз бойынша Құрылыс – 3 көшесіндегі тұрғындардың өздігінен орнатқан электр желілері иесіз деп танылып, аудандық коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің теңгеріміне алынғанын хабарлаймыз. Қазіргі танда электр желілеріне ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде. Аталған көшенің электр жарығын жаңартуға сметалық жобалау құжаттары қажет.
Қазіргі уақытта аудандық коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2019 жылы желілерді күрделі жөндеуге жобалық сметалық құжаттама (әрі қарай ЖСҚ) дайындау жоспарлануда, ЖСҚ дайын болған соң қаражаттың бөлуіне қарай, құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.
Ответить
# Аяжан 10.10.2018 04:57
Жасыл ел 2018 де 2 маусымында жасадым əлі күнге дейін айлық алмадық қайда шағымданамыз бөрлі ауданының əкімдігіне айтсын деді осы мəселені шешіп берсеңіз
Ответить
# Аяжанға 10.10.2018 04:58
«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмыс жасаған үшін еңбек ақыңызды төлеу мәселесі бойынша «Жасыл ел» бағдарламасы жергілікті және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын хабарлаймыз.

Бөрлі ауданы Бөрлі ауылы «Жасыл ел» жасағында жұмыс істеген жастарға жергілікті бюджеттен қарастырылған еңбекақы төленген, ал республикалық бюджеттен қарастырылған бөлігі алдағы уақытта төленеді.
Ответить
# Медетова Генжегул Дилмуратовна 13.08.2018 06:23
Саламатсызба мен Қарақұдық ауылдық округінің тұрғынымын мен көп балалы анамын менің екі қызым студент оздеріне қаражат болсын деп мен ауыл акіміне менің бір қызымды қоғамдық жұмысқа алыңыз десем алалмаймын дейді. Сонда студентер не жұмыс жасау керек. Екінші мәселе машурт жүрмеит 3ші күн 5ші күн дері кесте бойынша жүрет деген олда жүрмейді .Аксайға барса кеште ауылға жүрмейді және жол ақысын 700 теңгеге бірақ шығарды .Орал мен Аксайға машурт 800 теңге .Тихоновка мен Ақсайға 700 теңгеге болса онда соның шешімі қайда оны қалай білумізге болады рахмет жауап күтем.
Ответить
# Медетова Генжегулге 13.08.2018 06:25
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы бойынша «Жасыл ел» бағдарламасының негізі қаланды.2005 жылы Астана қаласында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының республикалық штабы құрылып, елiмiздiң барлық облыстарында филиалдары ашылған еді. Қазіргі таңда Ақсай қаласында «Жасыл ел» бағдарламасына жергілікті бюджеттен - 2 527 200 тенге бөлініп, Ақсай қаласында «Жасыл ел» жастар жасақтарының І -тобы «ЗеленСтройСервис» ЖШС-мен бірлесе өз жұмыстарын 4 шілде күні бастаса, ал ІІ-топтың жұмысы «Сардар КЗ» ЖШС-мен бірлесе 5 шілде күні бастап, қазіргі уақытта 40 жас Ақсай қаласы бойынша еңбек етуде. Бөрлі және Приурал ауылдарының 25 жасы орман шаруашылықтарында жұмыстанып жатыр. Қосымша 25 жас тамыз айында жұмысқа шығады. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша барлығы 90 жас жұмыспен қамтылды.
Сонымен қатар қазіргі таңда Ақсай-Тихонов арасындағы маршруттық қозғалысы толықтай қалыпқа келтіріліп, негізсіз көтерген автокөлік жүргізушісімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жол жүру ақысы аудан әкімдігінің 2017 жылғы 15 тамыздағы №777 «Бөрлі ауданы бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы» қаулысымен белгіленген құнына түсірілді.
Қазақстан Республикасының «заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12-бабына сәйкес, қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда сот органдарына шағым жасай аласыз.
Ответить
# Ильясова Лариса 30.07.2018 09:27
Саламатсызба Əкім мырза.менін сураиын дегенім мен 1общ турамын.балдарым кызталдын мектебінде окиды.мектепте бала коп .строителден,1,2общ балдарга 13мкрн бір мектеп салса жаксы болар еді.салады деп естіп едім сол каншалыкты рас екен.
Ответить
# Ильясова Ларисаға 30.07.2018 09:28
Сіздің менің блогыма жазған өтінішіңіз бойынша «2016-2020 жылдарға арналған аумақтарды дамыту» бағдарламасының шеңберінде Ақсай қаласының 13 ықшам ауданында 300-орындық мектеп ғимаратының құрылысы 2019-2020 жылдарға жоспарланғандығын хабарлаймын.
Ответить
# Зульфия 16.07.2018 04:20
Саламатсызба! Мен кызылтал строительная 3.турамын. 3кунен бери сағат 4кейин су болмайды.
Ответить
# Зульфияға 16.07.2018 04:21
Құрметті Зульфия!

Блогыма өтініш білдіргеніңіз үшін, алғысымды білдіремін.
Сіздің 2018 жылғы 26 маусымдағы менің блогыма түскен №ЖТ-З-596БЛОГ өтінішіңіз бойынша келесіні хабарлаймын:
Қызылтал ауылының тұрғындары санының өсуіне байланысты Қызылтал су жинағыштың мұнарасын ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған орай, Қызылтал ауылын сумен тәулік бойы қамтамасыз ету мүмкіндігі болмай тұр. Жөндеу жүмыстары аяқталған соң, сумен қамтамасыз етуі бұрынғы қалпына келетін болады.
Ответить
# Мукашев Илияс 29.06.2018 10:16
Мен Бумаколь аулынын тургынымын. Аксайда жумыс истеймын жумыска кунде оз машинамен катынаймын Бумаколь мен Бурлиннын арасы жолы оте шамалы былай айтканда «шифер». Сол жолды бакылаунызына алуына сураймын. Себеби сол жолды "Казахавтодор" карайды бирак олар жумыстарын оте нашар истейди. Олар жазда тек бир рет келип кырады. Ол жолды айына еки рет кыру керек. Осы сураныска жуап кутемин. Рахмет.
Ответить
# Мукашев Ильясқа 29.06.2018 10:20
Бумакөл және Бөрлі ауылы арасындағы автокөлік жолы республикалық маңызы бар жолдар қатарында болуына байланысты, «ҚазАвтоЖол»Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облыстық филиалы директоры атына аталған автокөлік жолын тегістеп, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін хат жолданғандығын хабарлайды.
Қазақстан Республикасының «заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12-бабына сәйкес, қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда сот органдарына шағым жасай аласыз.
Ответить
# Радик Исламгалиев 22.06.2018 07:44
Ассалаумағалейкүм, Кызылтал көшелеріне жарық шамдары (прожектор) кашан кондырылады, түнде дым көрінбейді, әсіресе қыста, сабақтан қайтып келе жаткан, тойдан туған күннен т.б келе жатқан улкен кісілерге қиынго, ең бірінші сақтық керек қо, Аксайда болып жатқан оқиғалар Кызылталда тым оңай жасалуы мүмкін, интернеттен бұрын соны жасау керек еді, 2016_2017 жазгам жауабы кондырылады дегеннен баска келмейді
Ответить
# Радик Исламгалиевке 22.06.2018 07:52
2018 жылы Қызылтал ауылы көшелерін жарықтандыру жұмыстарына қаражат қарастырылмаған. Алайда 2019-2020 жылдары жол салу мен көше жарығын жүргізу жұмыстары жоспарлануда екендігін хабарлаймыз.
Ответить
# Алтынгүл 24.05.2018 10:59
Саламатсыз ба! Ақсай қ., бойынша кезекте тұрғандарға жер қашан беріледі? Уральская неделя газетінде 2017 жылы кезекте тұрғандарға жер беріледі делінген еді, бірақта әлі уақытқа дейін жер берілмеді. Неге әлі күнге дейін берілмей жатыр? Не себептен? Неге нақты жерді беретін уақытын қалалық әкімдіктегі мамандар айтпайды?
Ответить
# Алтынгүлге 24.05.2018 10:59
Бүгінгі күні Аралтал ауылында жеке тұрғын үй құрылысына жер бөлу үшін егжей-тегжейлі жоспар (ЕТЖ) әзірленуде. ЕТЖ мақұлдағаннан және инженерлік (коммуналдық) инфрақұрылыммен (электрлік жарықтандыру, газ құбыры, сумен қамтамасыз ету) арнайы алаңды жабдықтаудан кейін, арнайы кезек бойынша жер учаскелерін беру туралы өтініштер қанағаттандырылады. Толық ақпарат алу үшін Ақсай қаласы, Абай даңғылы, 3/1 мекен-жайы бойынша орналасқан Ақсай қаласы әкімінің аппаратына хабарласа аласыз.
Ответить
# Нурлыгуль 24.04.2018 12:19
Салеметсизбе аким мырза мен Дюсембаева Нурлыгуль Батваевна 06.10.1985ж Пускай каласында Борли Аудандык емханасында медбике болып 2008ден бери жумыс жасадым.Сол себепти мемлекеттик Кызметкер ретинде Тургын уй кезегине турдым.алайда мен 2016жылы кезегимди билейн деп келсем тизимде жокпын.маган ешкандай ескерту келмеди.осыны шешип беруге комектесе аласызба.сизден комек болмаса сотка жугинуге тура келеди
Ответить
# Нурлыгульге 24.04.2018 12:20
Бөрлі ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімінің 2018 жылғы 11 сәуірдегі шығыс № 5-2/60 хаты негізінде, Дюсембаева Нурлыгуль Батваеваның Бөрлі ауданы бойынша тұрғын үйге мұқтаждар тізімінде тіркеуде жоқ екендігін және Е-akimat базасында тіркеуде болғандығы туралы мәлімет анықталмағандығын хабарлайды.
Сіз өз құқықтарыңызды сотта қорғауға құқылысыз.
Ответить
# Төребекова Гүлнұр 17.04.2018 11:29
Кайырлы күн Халелов Алдияр мырза! Мен М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің 4-курс студентімін. Сізге қояр сұрағым: Ақбұлақ ауылына дипломмен ауылға бағдарламасы қарастырылған ба? Мамандығым қазақ тілі мен әдебиеті. Бос орындар жәрмеңкесінде Ақбұлақ ауылының мектебіне 1 маман қажет екен. Мен сол ауылға барғым келеді. Аталған мектепке жұмысқа орналасу үшін қайда баруым қажет?
Ответить
# Төребекова Гүлнұрға 17.04.2018 11:30
Бөрлі ауданының Ақбұлақ ауылына «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша әлеуметтік қолдау алып, баруға болатындығын және мектептегі бос ваканттық орындар туралы ақпарат аудандық «Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести» газетінде жарияланатынын мәлімдейді.
Аталған мектепке бос ваканттық орнына орналасу үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығы негізінде мектепке барып конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыра алатыныңыз жөнінде хабарлайды.
Ответить
# Галимов Ербол 26.02.2018 11:41
Саламатсызба Аким мырза мен Казахстан республикасынын азаматы галимов ерболмын сиздерден комек сураймын оз жакдайымды айтатын болсам жасым 23 те Ата Анам кайтыс болды озимнин уйiм жок отбасым бар бир кешкентай кызым бар жалдамалы уйде турамын тапкан табысым квартирама кетеди сизден сурайым деген укиметен кандай комек болады бир уй алып берсениз жаксы болар еди сиздерден баска сурайтын Адам жок ипатика ретинде уй алуга комегинизди бересизбе отинем сизден жауабынызды кутемин
Ответить
# Галимов Ерболға 26.02.2018 11:42
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатыстары туралы» Заңына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған:
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;
- жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
- халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарына;
- мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;
- жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмдерде белгiленген кезектілік тəртібімен беріледі деп көрсетілген.
Осыған орай егер Сіз, жоғарыда көрсетілген азаматтардын санатына жататын болсаңыз тұрғын үйге мұқтаждар тізіміне тіркелу мүмкін екендігін және тіркелген жағдайда тұрғынжай кезекке сәйкес берілетіндігін хабарлаймын.
Ответить
# Алиса 26.02.2018 11:38
Салематсызба аким мырза. Сизден отиниш. Мен уш баланын анасымын. Аксай каласына келгениме 4 жылдай болды али жалдамалы патерде турамын. Балдарым кишкентай. Жолдасым жумыссыз. Бир комегиниз тиердеп жазып отырмын. Озимнин айлыгым жалдамалы патерге, балабакшага толегенде тамагымызга шак жетеди. Бир уй болса деп армандаймыз. Жалдамалы патерге толегегше оз уйеми толеген жаксыго деп айтып аламын. Уй маселесин шешип бересизба. Отиниш. Кужаттар жина десениз жинаймыз. Комек корсетинизши.
Ответить
# Алисаға 26.02.2018 11:38
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған:
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;
- жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
- халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарына;
- мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;
- жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмдерде белгiленген кезектілік тəртібімен беріледі деп көрсетілген.
Осыған орай егер Сіз жоғарыда көрсетілген азаматтардын санатына жататын болсаңыз, тұрғын үйге мұқтаждар тізіміне тіркелу мүмкін екендігін және тіркелген жағдайда тұрғынжай кезекке сәйкес берілетіндігін хабарлаймын.
Ответить
# Алиса 14.12.2017 11:36
Уйге тиркелуге кандай кужаттар керек?
Ответить
# Алисаға 14.12.2017 11:37
Үйдің кезегіне тіркелу үшін, Сізге халыққа қызмет көрсету орталығына жолығу қажет. Сол жерде үй жөніндегі кезектерімен, қажетті құжаттардың тізімімен танысуға болады.
Ответить
# Торгын 13.12.2017 09:45
Салеметсизбе! Менин сизге коятын сурагым: Неге уйдин очередь обновлять етпей жатыр? Сайттан менин атым али жок,926 номерден битеди,сонгы ай майдан битеди.Мен март айында 2016 ж тиркелдим 1020 болып. Оралдан барине уй берип жатыр, биздин кала кишкентай али алалмай журмиз.
Еки балам бар, атагымызда уй жок. Екинши кояр сурагым: Кызылтал ауылы калаган кошти ме?
Аксайдан уй берилмейтин болса,дипломмен ауылга программасымен уй алгым келеди,бирак калага косылады деди де,точно буйрыкты корсетпеди.Негизигде дипломмен ауылга программасы жаксы еди,жас отбасыларга ынгайлы жане колайлы,сол жагын карастырсаныз жаксы болар еди.
Ответить
# Торгынға 13.12.2017 09:45
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 бабына сәйкес, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында шығатын мерзімді баспасөз басылымдарында және өздерінің интернет-ресурстарында, жыл сайын – коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайға немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайға мұқтаждарды есепке алудың бөлек тізімдерін жариялайды.
Осыған орай, аудан әкімдігінің интернет-ресурсындағы тұрғын үйге мұқтаждар тізімі жаңартылып жарияланғандығын хабарлаймын.
«Батыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгеріс енгізу туралы» Батыс Қазақстан облысы маслихатының 2013 жылдың 10 сәуірдегі №8-2 шешіміне және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылдың 10 сәуірдегі №47 қаулысына Қызылтал ауылы Ақсай қаласының аумағына енгізілген болатын.
Осыған орай, Ақсай қаласының аумағында дипломмен ауылға бағдарламасын жүзеге асыру мүмкін емес.
Ответить
# Жайнагүл 10.11.2017 11:02
Саламатсызба Алдияр Сансызбайұлы?
Мен Ақсай қаласының Оңтүстікте орналасқан Вахто көшесінің тұрғынымын. Сізге хабарласып отырған себебім, біздің ауданда жарық өте жие сөнеді, бұың себебін кім біледі, аудандық РЭС, күтіндер қосылады мен құтылады. Қыс болмай жатып мынандай шарқырап тұрған заманда, балаларымыз сабақта оқи алмайды, және үйдегі электрлік құралдарға зияны келеді деген ойдамыз,Осы мәселемізді аяқсыз қалдырмайды деген ойдамыз.
Ответить
# Жайнагүлге 10.11.2017 11:02
Қаланың оңтүстік бөлігінде Вл-10кВ жоғары вольт желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта жарық өшкен жағдайда, Бөрлі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне 75656 немесе Бөрлі ауданы әкімі аппаратының диспетчерлік қызметіне 20931 телефонына соғуға болатындығын хабарлаймыз.
Ответить
# Гулжан 06.10.2017 05:59
Саламатсызба сізге қояр сұрағым. Александров ауылдык округі акиматының балансындағы үйлерде газды айырып тастады қазіргі уақытта газ жок. Газ Аймақтың бізге берген жауабы 5жыл бұрын төлену керек акша әлі төленбеген акимат балансындағы 5 үйге 400000 мың берешек əр үйге 80 мыңнан кезінде газ қосқанға ақша төленбеген. Өзіміздің акиматтың жауабы 1 жұма. 3 күн сонымен 1ай болды нәтиже жоқ. (2)
Ответить
# Гүлжанға 06.10.2017 05:59
Бөрлі ауданы әкімінің аппараты Сіздің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі аудан әкімінің блогына түскен № ЖТ-Г-1607 хатыңыз бойынша келесі ақпаратты жолдайды.
«Александров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінде тұрған 5 (бес) коммуналдық тұрғын үйлерде әр түрлі сала қызметкерлері тұрады. 2012 жылдың қараша айында ауылдық округке газ өткізілген кезде, аталған тұрғын үйлер газ отынына қосылғанымен, оған бюджет қаражаты қарастырылмаған еді. Содан кейінгі жылдары ішкі экономия қаражатынан аталған үйлердің газ құжаттары рәсімделеді деген мақсат қойылды, алайда қаражат жеткіліксіз болды. Биылғы жылы «КазТрансГазАймақ» АҚ Бөрлі ауданы бойынша шаруашылығы аталған үйлердің газ желісін айырып тастаған болатын. Қазіргі уақытта Александров ауылдық округтің жергілікті өзін-өзі басқару шоты арқылы қажетті қаражатты төлеу жұмыстары жүргізілуде. Газ коммуналдық үйлерге ағымдағы жылдың 10 қазан күніне дейін қосылады.
Ответить
# Гулжан 05.10.2017 12:01
Саламатсызба сізге қояр сұрағым. Александров ауылдык округі акиматының балансындағы үйлерде газды айырып тастады қазіргі уақытта газ жок. Газ Аймақтың бізге берген жауабы 5жыл бұрын төлену керек акша әлі төленбеген акимат балансындағы 5 үйге 400000 мың берешек əр үйге 80 мыңнан кезінде газ қосқанға ақша төленбеген. Өзіміздің акиматтың жауабы 1 жұма. 3 күн сонымен 1ай болды нәтиже жоқ.
Ответить
# Гүлжанға 05.10.2017 12:02
«Александров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінде тұрған 5 (бес) коммуналдық тұрғын үйлерде әр түрлі сала қызметкерлері тұрады. 2012 жылдың қараша айында ауылдық округке газ өткізілген кезде, аталған тұрғын үйлер газ отынына қосылғанымен, оған бюджет қаражаты қарастырылмаған еді. Содан кейінгі жылдары ішкі экономия қаражатынан аталған үйлердің газ құжаттары рәсімделеді деген мақсат қойылды, алайда қаражат жеткіліксіз болды. Биылғы жылы «КазТрансГазАймақ» АҚ Бөрлі ауданы бойынша шаруашылығы аталған үйлердің газ желісін айырып тастаған болатын. Қазіргі уақытта Александров ауылдық округтің жергілікті өзін-өзі басқару шоты арқылы қажетті қаражатты төлеу жұмыстары жүргізілуде. Газ коммуналдық үйлерге ағымдағы жылдың 10 қазан күніне дейін қосылады.
Ответить
# Жулдыз 21.09.2017 07:04
Сәлеметсізбе сізден сұрайын дегенім дипломмен ауылға бағдарламасы туралы маған ең басында түсіндіргенде үйге подьемныйға ақша 3 айдан кейін бөлінеді деген. Енді кезекке тұрасың дейді кезекке тұрғаным туралы қағаз берілу керек, олар бермеді неге? Кезегің қашан келеді сол кезде аласың дейді үйді және подьемныйды Оралға хабарласып білгенде кезекке тұру деген жоқ арыз жазасыз ақша аударғаннан кейін берілу керек деді менің жұмыстасым кезекке тұрған, бірақ 1 айдың ішінде алған ол қалай сонда біреуге тез береді біреуге кезекке тұр дейді соны білейін деп едім.
Ответить
# Жұлдызға 21.09.2017 07:05
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы №126 қаулысымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну»жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 2.5 тармағының мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді бастау үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №275 бұйрығымен бекітілген Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініштің болуы және Стандартың 9- тармағында көрсетілген құжаттарды ұсыну болып табылады. Және регламенттің 2.6 тармағы 1 тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 15 минут ішінде өтініш пен құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, түпнұсқалары мен көшірмелерін салыстырады және көрсетілетін қызметті алушыға қолхат береді.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде Сізге келесі құжаттарды ұсыну керек:
1) көтерме жәрдемақы алған кезде:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер;
тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;
2) көтерме жәрдемақыны және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;
көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер;
тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;
неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);
аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама;
Аталған құжаттарды тапсырғаннан кейін Сізге қолхат беріледі және 15 күнтізбелік күннің ішінде Сіздің өтінішіңізге жауап беріледі.
Ответить
# Сагингали 07.08.2017 07:16
Құрметті, əкім.
Менің қояр сұрағым. Қызылтал ауылы. 3 строительный көшесі электр сымы тартылмаған. Бұл қашанға жоспарланған. Жол мəселесі де бар. Ең болмаса ақбор төсеп беруді сұраймыз. Жаңбырлы уақытта жүру мүмкін емес. Көктем мезгілін айтыпта керек емес. Рахмет.
Ответить
# Сагингалиға 07.08.2017 07:17
2017 жылға Қызылтал ауылы 3Строительная көшесіне жол құрылысы және электр сымы бойынша қаражат қарастырылмағандығына байланысты аталған жолды жөндеу және электр сымын тарту 2018 жылы қарастырылатын болады.
Ответить
# Айдана 27.07.2017 12:49
Саламатсыз ба Бөрлі ауданындағы үйлер бос тұр деп естіп едім сол үйлер кімдерге беріледі?
Ответить
# Айданаға 27.07.2017 12:50
Сіздің 2017 жылғы 13 шілдедегі аудан әкімі А.Халеловтің жеке блогына түскен № ЖТ-А-789БЛОГ өтінішке сәйкес төмендегіні хабарлаймын:
Бөрлі ауданы аумағындағы коммуналдық тұрғын үй қорындағы тұрғынжайлар тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде тіркелген азаматтарға тұрғын үй Заңнамасына сәйкес жалға берілуде және бүгінгі күні коммуналдық тұрғын үй қорында бос тұрған тұрғынжай жоқ.
Бөрлі ауылы, «Самал» ықшамауданында «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының аясында салынған жалға берілетін бос тұрған тұрғын үй тек әлеуеті төмен елді мекендердің (Сатайкөл,Пролетарка,Сұлусай) тұрғындарына беріледі.
Ответить
# Азамат Галиаскарович 30.06.2017 12:37
Ассалаумағалейкум! Менін сурағым мынандай. Былтыр сизбен кездескенде мкр. Аралтал Мейрам көшесіне газ өткізуді 2017 жылда қолдаймыз дедіңіз. Сол биыл болама. Рахмет.
Ответить
# Азамат Галиаскаровичке 30.06.2017 12:38
2017 жылдың екінші жартысында БҚО Бөрлі ауданы Аралтал ауылындағы 33 жер учаскелеріне инженерлік желілер құрылыстарын (су-, газ-, электр) салуға жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленетін болады. Осыған байланысты аталған обьектілерді іске асыру жоспары 2018 жылға енгізіледі.
Ответить
# Радик 27.06.2017 06:07
Ассаламалейкум әкім мырза, Қызылталда неге қоқыс жәшіктері жоқ көшелерінде, әлде қоюға болмайма? және маршрут 6 жолдарын жөнделмеседе, тегістеп ойық жерлеріне топырақ төсеуге болмайма? Қызылтал көше ішіне төселген бұрынғы жолға бетіне қайта төсеп тегістеуге болама, және де көшелерге жарық қондыруға шамдар болатын болар, Рахмет, қанша дегенмен қалалық пропискаго, Шанхай қандай болса Қызылтал да сондай болса екен.
Ответить
# Радикке 27.06.2017 06:08
1) Ақсай қаласының аумағында «АқсайТазалықKZ» ЖШС қоқыс жәшіктерін күту жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі таңда қоқыс жәшіктері қала бойынша жеткіліксіз. Алдағы уақытта Ақсай қаласы әкімінің аппаратымен қоқыс жәшіктерін сатып алу жоспарланған.
2) 6-маршрут жолы көктемгі су тасқынын алдын алу мақсатында 2 су жүретін құбыр салынды. Алдағы уақытта жолды түзеу жұмыстары жоспарлануда.
3) Қызылтал көшелерінің жолдарын түзеу жұмыстары қаражат бөлінбеуіне байланысты мүмкіндік тудырмай тұр.
4) 7, 9, 11, 12, 13 ықшамаудандары және Қызылтал ауылы аумағында көше жарығын ағымдағы жөндеу жұмыстарын «ЗеленстройСервис» ЖШС жүргізеді.
Ответить
# Ботагоз 07.06.2017 04:52
Сәлеметсіз бе Əкім мырза? Мен Қызылталдың тұрғынымын. Қазіргі таңда қаламыздың күрделі мəселесі бұл маршрут болып отыр. Қазір 30маршрут жолымен 6ші маршрут жүріп жатыр. 6ші маршрут 30ға қарағанда уақытылы тез жүріп тұрады. Қоятын сұрағым не ұсыныс неге 6ші маршрутты осылай 30шы маршрут орнына қалдырмасқа? Рахмет.
Ответить
# Ботагозге 07.06.2017 04:53
Қазіргі уақытта су тасқынынан кейін автокөлік жолының бұзылуына байланысты, Қызылтал ауылына қатынайтын №6 маршрут №30 маршрут бағытымен қатынайтын жолаушыларды тасымалдаумен айналысуда, маршруттардың біріктірілуі халықтың наразылығын тудыруда, сол себепті автокөлік жолы қалпына келтірілгеннен соң, әр маршрут өз бағытымен қозғалысын жалғастырады.
Ответить
# Мусин Ерхан Нұраділұлы 30.05.2017 13:05
Ассалаумағалейкүм... Менің сұрағалы отқаным менің əкем Исламғалиев Нұраділ Мусаұлы 2006-2007 ші жылдар аралығында жер алу тізіміне орналасқан болатын.қазіргі уақытта естуім бойынша жер Аралтал ауылынан беріледі деген болатын.енді білгім келетіні сұрағым...ол жер тізімі бойынша қазір қай орында тұрғаны жəне неше жылдан соң берілетінін білгім келеді....Естуім бойынша қазір жер емес үй салынып беріледі деп те естіп жатырмын бұл сөз қаншалықты шындыққа жанасады жəне салынып берілген жағдайда қанша жылға соз� �лмақшы тағыда....осы сұрақтарыма жауап берсеңіздер?қарапайым тілмен жақсылап түсіндіріп өтсеңіз. Қаралады қаралуда жоспарда тізімде деген секілді емес нақты жауаптар керек еді осы жылы жер беріледі немесе осы жерден осындай үй салынып беріледі деген секілді рахмет жауапсыз қалдырмаңыздаршы
Ответить
# Мусин Ерхан Нұраділұлына 30.05.2017 13:06
Азамат Нұраділ Мусаұлы Исламғалиев 2008 жылы 04 қарашада Қызылтал бойынша тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға өтініш жазды, қазіргі таңда Қызылтал бойынша тізімде №288 болып тұр.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің м.а. «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережесін бекіту туралы» 2015 жылғы 27 наурыздағы №255 бұйрығын басшылыққа ала отырып, тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері дайын бас жоспарларына және нақты жобалау жоспарына сәйкес берілетіндігі негізге алынып отыр.
Жер учаскелерінің алаңдары дайын болған жағдайда және инженерлік коммуникация жүйелерінің құрылысы аяқталғаннан кейін, тиісті кезегі келген уақытта азамат Нұраділ Мұсаұлы Исламғалиевтің өтініші мүмкіндігінше қанағаттандырылады.
Аралталдан 2005 жылы, 2006 және 2007 жылдың басында тіркелген Ақсай қаласы бойынша тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алу тізімінде тұрғандардың өтініштері қаралады.
Ответить
# Биржан 10.05.2017 14:21
Курметти Алдияр Сансызбайулы! Бириншиден Сизге коп рахмет, каламыздын оркендеуи мен тазалыгына ерекше ман бересиз! А.Сансызбайулы мен 2006 жылдан бери жер кезегиде турамын. Али кунге дейин патер жалдап турамын, отбасылымын 1 балам бар. Ия казир жан жакты мемлекеттик багдарламалар бар бирак мен оган акша жинайын десем жалакым 80000 тенге патерге 45000 беруге тура келеди. Бир умитим осы кезектеги жер болып тур. сурак: жер биыл бериле ме ? кашан? накты уакытын айтсаныз? Алдын ала рахмет!
Ответить
# Биржанға 10.05.2017 14:23
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережесін бекіту туралы» 2015 жылғы 27 наурыздағы №255 бұйрығына сәйкес, тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері дайын бас жоспарларына және нақты жобалар жоспарына сәйкес берілетіндігі негізге алынып отыр.
Жер учаскелерінің алаңдары дайын болған жағдайда және инженерлік коммуникация жүйелерінің құрылысы аяқталғаннан кейін, тиісті кезегі келген уақытта сіздің өтінішіңіз мүмкіндігінше қанағаттандырылады.
Ответить
# Мержан 26.04.2017 13:35
Ассалаумагалейкум Курметти Алдияр Сансызбайулы!

Менин сурайын дегеним Аксай каласында 13 пен 12 микрорайон арасында мектеп немесе балабакша курылысы планда барма? Болса кашан басталады?
Рахмет.
Ответить
# Мержанға 26.04.2017 13:36
Қазіргі уақытта ауданның атқарушы органдарымен Ақсай қаласының 12ші және 13ші шағынаудандарының аралығында 300 орындық мектеп(100 орындық интернатымен қоса) және 140 орындық балабақша ғимараттарының құрылысына жобалар дайындалуда
Ответить
# Шолпан 17.02.2017 13:12
Салеметсізбе Алдияр Сансызбайұлы! Мен Заводская көшесінің тұрғынымын. Қыс басталғалы біздің көшенің қары тазаланбады, Сізге түсінікті болу үшін Буденный көшесімен Овражная көшелерінің ортасында қалған 9 үйде Заводская көшесіне жатады, алайда біздің көшеде қыс мезгілінде қар тазаланбайды, жаз, көктем мезгілдерінде жол үстін қырмайды, қоқыс салатын контейнерлер жоқ, көшеде жарықтандырылмайды. Сізден осы мәселелерді шама келгенше шешуінізді сұраймыз! Рахмет!
Ответить
# Шолпанға 17.02.2017 13:13
Қазіргі уақытта Ақсай қаласының солтүстік бөлігінің жолын күтіп ұстау бойынша тендерлік рәсім аяқталған жоқ. Мердігерлік ұйымды анықтағаннан кейін қаланың солтүстік бөлігінде жарықтандыруды ағымдағы жөндеу, қардан тазарту және оны шығару кесте бойынша жүргізіледі.
Қазіргі таңда «КазТранСтройАксай» ЖШС-гі солтүстік бөлігінде жолдарды қардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Қоқыс контейнерлерін орнату наурыз айына жоспарланды.
Ответить

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту