• Мейрімділік мейрамы басталды

    18.06.2018 "Добавить комментарий

    Бүгін аудан тұрғындары Ораза айт мейрамын тойлау үшін таңмен таласып, аудандық мешітке жиналды.

    Толығырақ  
  • Медициналық пункт ашылды

    19.06.2018 "Добавить комментарий

    Бөрлі ауданының Успен ауылында медициналық пункт ашылды. 360 халқы бар ауыл тұрғындары енді сапалы медициналық қызмет ала алады. Ғимарат қажетті заманауи құралдармен жабдықталып, жиһаздар жаңадан алынған.

    Толығырақ

Құрметті Бөрлі ауданының тұрғындары!

ҚР Президенті Әкімшілігі мен Бөрлі ауданының мәслихат депутаттарының келісімімен ротация тәртібімен 2018 жылдың 4 маусым күнінен Бөрлі ауданының әкімі лауазымына тағайындалдым. Алда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» даму стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Бес әлеуметтік бастама» атты  қазіргі заманның сынақтарына нақты жауап беретін іс-әрекеттердің кешенді бағдарламаларын орындау міндеттері тұр.
Бөрлі ауданы өңіріміздің стартегиялық әлеуметтік-экономикалық маңызды ауданы екенін ескере отырып, алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру, әкімшілік пен өзім үшін үлкен жауапкершілікті міндеттейді. Елбасы тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау, сондай-ақ тұрғындардың өмір сапасын жақсарту мақсатында мемлекеттік органдар мен халық арасында бірлескен жұмыстар жүргізілуі қажет (ашық диалог).
Егер сіздің өз аулаңыз, көшеңіз бен ауылыңыздың, қалаңыздың дамуына елеулі үлес қосамын деген ниетіңіз болса, күнделікті түрде жүзеге асырылып жатқан және жоспарланған ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді тыңдауға дайынмын.  Сонымен қатар, қызықтырған сауалдарыңыз бен арыздарыңызға жауапты менің блогыма хабарласу арқылы ала аласыздар. Әлеуметтік желілерде де онлайн алаңдар ашық. (Facebook,  instagram akimat_burlin парақшалары, аудан әкімдігінің aksai-bko.gov.kz сайты). 

Бөрлі ауданының әкімі С.Әлиев


Өз азаматтық белсенділігіңді білдір!

Құрметті оқырмандар! www.safekaznet.kz сайты арқылы Интернет қолданушылары қазақстандық интернет-сегментіндегі роликтер қосылатын, лайықсыз және адамның намысына қорлық келтіретін басқа да материалдар мен түсініктемелерге сілтеуі бар хат жолдай аласыз.
Веб-сайттың «шұғыл байланыс» мамандары барлық хаттарды қарастырады және, расталған жағдайда, тез арада сол контентті жою бойынша шара қолдану үшін интернет-ресурс иесімен немесе оның хостинг-провайдерімен байланысады.
Аналогиялық «шұғыл байланыстар» әлемнің көптеген елдерінде жұмыс істейді және Интернеттен алынатын көптеген қатерді азайтуға мүмкіндік береді.


Скачать: Зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер

Скачать: 2017 жылғы 1 наурыздағы БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне қысқаша шолу

Скачать: 5 сұрақ наурыз 2017

Скачать: Презентация о Фонде қантар 2017 ж.

Скачать: ҮЕҰ Дерекқоры бойынша СҰРАҚ-ЖАУАПТАР

Скачать: Методические рекомендации

Скачать: Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібі туралы әдістемелік ұсынымдар

Скачать: ҮЕҰ Дерекқоры бойынша Жадынама

Скачать: Үкіметтік емес ұйымдар Дерекқоры туралы қысқаша ақпарат

Скачать: Презентация о Фонде  2016 г.

 Прокуратура ескертеді: жермен байланысты алаяқтық бар

Жерді сатып алмай тұрып келесідей жағдайға назар аударыңыз:

Сатушының қолында оның меншік иесі екендігін растайтын 3 құжат болуы керек:

- Жерге меншік құқығын мемлекеттік тіркеу куәлігі;
- Меншік құқығын тіркеуге негіз болған құжаттың түпнұсқасы (мысалы, сатып алу – сату шарты, мұрагерлік құқығы туралы куәлік және т.с.с.);
- Кадастрлық жоспардың түпнұсқасы, онда жер учаскесінің кадастрлық номері, алаңы және нақты мекенжайы көрсетілуі тиіс.

Аталған құжаттардың барлығында да меншік иесі туралы мәлімет бірдей болуы керек.

Меншік иесі жеке тұлға болса, онда Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттың болуын, ал заңды тұлғада оны тіркеу, салық органында есеп тұру куәлігін тексерген және Заңды тұлғалардың бірыңғай тізілімінен анықтаманы алған жөн.

Сатып алушыдан көбірек ақша алу мақсатында алаңы үлкенірек және іс жүзінде басқа жерде орналасқан жер көрсетілуі мүмкін.
Сондықтан, құжаттарды тексерген соң, жер алаңының кадастрлық жоспарға, координаттарына сәйкестігін мұқият тексеру керек.
Сұрақтарыңыз болған жағдайда Бас прокуратураның Call-орталығына 115 номері арқылы хабарласа аласыз

Скачать:  Памятка населению по предупреждению актов терроризма (.doc)

Скачать:  Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жаднама (.doc)