Бөрлі ауданы әкімінің 2017 жылғы 18 сәуірдегі №26-ө өкіміне сәйкес, Бөрлі ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі мобильді топ құрылды. Мобильді топтың құрамына «Нұр Отан» партиясының, «Тарлан» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, Қоғамдық Келісім мүшелері, мекеме басшылары енгізілді.
Аталған топтың міндеті – ауданда халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізу және сыбайлас жемқорлық іс-қимылдарының алдын алу болып табылады.

Мобильді топ ағымдағы айда қоғамдық орындарда, яғни Бөрлі ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы, «Нұр Отан» партиясының Бөрлі аудандық филиалы, Бөрлі аудандық орталық ауруханасы, «Алтындар» супермаркеті ғимараттарына барып, халықпен кездесулер ұйымдастырып, қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылды.

Кездесу барысында мобильді топтың құрамы, жұмыс барысы, мақсаты мен міндеттері түсіндіріліп, азаматтарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы және Call – center 1424 сенім телефоны көрсетілген жадынамалар таратылды.