2017 жылдың 26 сәуірінде аудан әкімдігімен Бөрлі ауданының Жәңгіров паркінің аумағындағы көпшілік алаңда сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты жалпыаудандық форум өткізілді. Аталған форумға Бөрлі ауданының «Ақсай жастары», «Тарлан» қоғамдық бірлестіктері, Жастар істері жөніндегі ресурстық орталығы, Ақсай қаласының және ауылдық округтердің жалпы білім беру мектептерінің оқушылары мен Ақсай техникалық колледжінің студенттері қатысты.
Сондай-ақ аталған форумды өткізуге Бөрлі аудандық мәслихатының депутаттары, «Нұр Отан» партиясының Бөрлі аудандық филиалының өкілдері, Бөрлі ауданының мемлекеттік мекемелері мен бюджеттік мекемелерінің қызметкерлері қатысты.
Өткізілген шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті кеңінен насихаттау мақсатында Бөрлі ауданының лауазымды тұлғалары мен белсенді азаматтары сөз сөйледі. Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Ж.Каналин, «Нұр Отан» партиясының Бөрлі аудандық филиалы төрағасының орынбасары М.Изтелеуов, «Тарлан» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Е.Кемелханов және «Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциясы қатысушыларының жастарға үндеуін жариялаған «Сұңқар» спорт клубы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Е.Мергалиев жастар алдында сөз сөйлеп, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды дамыту бағытында жігерлендірді.
Жастардың күш-жігерін арттыру мақсатында Бөрлі ауданының өнерлі тұлғаларының А.Құтжанованың орындауында «Қазағымсын» әні, А.Аймағамбетов пен А.Басшиевтің орындауларында «Ұлы дала әні» атты өлеңдері шырқалды. Сондай-ақ аудандық Мәдениет үйінің би өнерінің үйірме жетекшісінің бастауымен жастарға арналған көпшілік флешмоб биі көрсетіліп, жиналған тұлғалардың қызығушылығын тудырды.
Аудандық «Қарашығанақ» телестудиясында форумның өткізілгені жөнінде сюжет түсіріліп, аудан халқына жолдау мақсатында насихатталды.Форумға 400-ге жуық жастар қатысты.