Аудан географиялық картада

Бөрлі ауданы Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Шығысында Шыңғырлау, оңтүстігінде Сырым, батысында Теректі аудандарымен шектеседі, ал солтүстігінде Ресей Федерациясының Орынбор облысының Елек және Ташлы аудандарымен шектеседі.

Бөрлі ауданы 5553 шаршы көлем жерді алып жатыр, онда 33 елдімекен орналасқан, олардың ең ірілері: Ақсай қаласы, Бөрлі поселкесі, Қызылтал, Пугачев, Березов, Приурал, Ақбұлақ, Жарсуат селолары. Ауданда жалпы алғанда 55 мың адам тұрады.

Ауданда 30-дан астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері қоныстанған, олар негізінен қазақтар, орыстар, украиндар, татарлар, мордвалар, белорустар, немістер.

Бөрлі ауданы көлік қатынасы үшін де ыңғайлы жерге орналасқан. Аудан орталығы – Ақсай қаласынан Орал қаласына дейін 150 км., Астана қаласына дейін 1830 км., Алматы қаласына дейін 2600км, Орынбор қаласына дейін  - 180 км., Самараға дейін 430 км, Мәскеуге дейін 1407 км. Ауданды кесіп өтетін Орал – Ақсай – Соль-Илецк темір жолы Ақтөбе және Орынборға созылу арқылы және республикалық маңызы бар ауданның солтүстігін кесіп өтетін Орал – Бөрлі – Илек – Орынбор автожолы , Ақтөбе қаласына жететін облыстық маңызы бар Орал – Ақсай – Шыңғырлау, Ақсай – Жымпиты, Орынбор қаласына шығатын Ақсай - Трудовик – Федоровка, Ақсай – Илек автожолдары экономикалық белдік болып табылады. Аудан орталығы елді мекендермен қатты және құмдақ төсенішті жолдар арқылы байланысады.

 

Табиғи-климатты  жағдайлары

Бөрлі ауданы далалы аймақта орналасқан. Климаты ыстық, құрғақ жаз бен қары аздау, салқын қыстан тұрады. Яғни қыстай салқын жел, боранды, жазда құрғақшылық. Ауа қысымының ең жоғары деңгейі  жазда + 37 градус. Аязсыз күндер кейде 140 күнге дейін созылады. Жылдық ылғалдың орташа деңгейі – 300 мм.

Өзендері Каспий теңізінің бассейініне жатады. Ауданның сол жағынан Орал және Елек өзендері ағып жатыр, ал аудан орталығын Утва өзені жарып өтеді, басқа да жазда кеуіп қалатын кішкентай өзендер бар, кей жерде  олар кішкентай тармақтарға бөлінген, оларға бөгеттер салынған, бұлар: Ақбұлақ, Улысай, Сұлусай, Берез, Қараоба, Қарағанды, Сақбұлақ, Данилякөл, Бумакөл, Қаржын, Қарасу, Орал және Елек өзендерінің жағалаулары шалғынды, ал 9590 га. орманды.

 

Ауданның қазба байлықтары

Ауданымызда газдың, конденсаттың, мұнайдың өндірістік қоры табылған және өндірілуде (Қарашығанақ мұнайгазконденсаты кен орны). Құрылыс материалдары: құм, құмдауыт, кірпіш тас сазы, ақ балшық және мергель бар.