Приурал ауылдық округінің 2018 жылға арналған даму жоспары

 

Приурал – 2018 жыл

Приурал ауылдық округі бойынша ақпарат.
Приурал ауылдық округі Бөрлі ауданының солтүстік бөлігінде орналасқан, аумағы – 26 992 га құрайды.  Бумакөл, Жарсуат, Пугачев ауылдық округтарымен және Ресей Федерациясымен шекаралас аймақ.
Ауылдық округтың әкімшілік орталығы – Приурал ауылы, облыс орталығынан 150 км және облыс орталығынан 49 км қашықтықта орналасқан, жол – грейдерлік  жер.

Ауылдық округтегі тұрғындар саны - 1370 адам, олардың ішінде экономикалық тұрғыдан белсенді халық - 815, оның ішінде - 705 жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыздар - 17 адам, аз қамтылған отбасылар - 7, жаңа форматтағы АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) алушы - 3 отбасы, зейнеткерлер - 170.
Аула саны – 465. Жеке шаруашылықтары бар – 173 аула.

Ауылдық округте қызмет ететін әлеуметтік  нысандар:
Приурал МБК: мұғалімдер - 42, тех.қызметкерлер - 30, оқушылар - 182, мектеп алды жастағы бала саны – 19, балабақша бүлдіршіндері - 15;
Мәдениет үйі, кітапхана, ФАП.

Округ бойынша 9 (тоғыз) шаруа қожалықтары және 1 ЖШС тіркелген, оның ішінде: (2 ш/қ және ЖШС аралас (мал және өсімдік шаруашылығымен), 7 ш/қ – өсімдік шаруашылығымен айналысуда. Жеке кәсіпкерлер – 9 (1 ЖК – құс өсіру, 5 ЖК – саудамен, 1 ЖК – төлемдерді қабылдау, 1 ЖК – сұлулық салоны және 1 ЖК – дәріхана) қызметтерін көрсетуде.  

        Аула аралау кезіндегі ақпарат бойынша 01.01.2018 жыл мерзіміндегі мал санағы: ІҚМ – 1373, ҰММ – 503, жылқы – 235, шошқа – 171, құс – 6087.

2018 жылға жоспарланды:

  • Приурал ауылындағы саябақтың және мемориалды комплексты күрделі жөндеу

 

Қоғамдық келісім кеңесінің құрамы:

  • Кулмангужиева Салиха Абдрахмановна – қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы;
  • Нургалиева Улпан Жылкыбаевна – кеңес хатшысы, кітапхана меңгерушісі 
  • Алмашев Сагынгалий Курмашевич – кеңес мүшесі, «Орал» ЖШС басшысы  
  • Тутурова Светлана Федоровна – кеңес мүшесі, ФАП меңгерушісі
  • Канатбаева Гульнара Кенжалиевна – кеңес мүшесі, мектеп директоры
  • Есенжанова Асия Мухтаровна – кеңес мүшесі, әлеуметтік қызметкер
  • Джумагалиева Айсара Мендыгалиевна – кеңес мүшесі, зейнеткер
  • Гончар Михаил Иванович – кеңес мүшесі, орманшы
  • Успанова Ақмарал Айжановна – кеңес мүшесі, жеке кәсіпкер
  • Банников Андрей Владимирович – кеңес мүшесі, селолық мәдениет үйінің меңгерушісі
  • Уразгалиев Есенгали Сапаргалиевич – кеңес мүшесі, учаскелік полиция қызметкері
  • Кучеренко Николай Яковлевич – кеңес мүшесі, «Нива» шаруа қожалығы

 

Қоғамдық келісім кеңесі отырысының
№ 5 хаттамасы

Приурал ауылы                                                                         19.06.2018 жыл
Кеңесінің төрайымы: С.А.Кулмангужиева – Кеңес төрайымы, зейнеткер
Хатшы: У.Ж.Нургалиева – селолық кітапхана меңгерушісі

Қатысқандар саны – 8 адам.

Күн тәртібінде:

  • Приурал ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының 2018 жылға даму бағдарламасын бекіту туралы.

Хабарламашы: Т.Нарушева – Приурал ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы
Сөз кезегі Приурал ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Т.Нарушеваға берілді.
         Т.Нарушева қоғамдық келісім кеңесінің мүшелерін Приурал ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының 2018 жылға даму бағдарламасымен таныстырып, бағдарламаны бекітуді сұрады (бағдарлама қосымша тіркелді).
С.А.Кулмангужиева – кеңес төрайымы: Құрметті қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері Приурал ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының 2018 жылға даму бағдарламасын жалпы дауысқа салайық.

         «Қолдағандар» - 8дауыс. «Қарсы» - жоқ. «Қалыс қалғандар» - жоқ.

         Шешім бір ауыздан қабылданды.

 

Хатшы                            У.Нургалиева

 

 

Бекітілді
2018 жылғы «19» маусымдағы
Қоғамдық келісім Кеңесі отырысы
№ 5 хаттама

Батыс Қазақстан Облысы Бөрлі ауданы Приурал ауылдық округінің 2018 жылға даму бағдарламасы


р/с

Іс-шаралар

Орындауға жауапты

Орындау мерзімі

Шығындар (мың теңге)

Қаржыландыру көздері

1

2

4

5

6

7

1.Реализация бюджета Приуральногосельского  округа на 2018 год

1.1

Приурал ауылындағы саябақты және мемориалды комплексты күрделі жөндеу

Ауылық округ әкімі

2018

8 000

Өзін-өзі басқару шотынан