Хабарландырулар

«Бөрлі ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2019 жылы  29 наурызда Астана уақытымен сағат 11-00zem.kz электрондық порталында өнеркәсіптік - азаматтық мақсаттағы объектілер құрылысы үшін жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізеді. Құжаттарды қабылдау 2019 жылғы наурыздың 14-нен бастап zem.kz электрондық порталында өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Жер кодексі және Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидалары  негізінде Бөрлі ауданының әкімдігі ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін жалға беру бойынша конкурсты 2019 жылғы  27 наурызда сағат 1500 де Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы Ақсай қаласы, Советская көшесі, № 99 мекен-жайы бойынша Бөрлі ауданы ғимаратында өткізеді.  

Қазақстан Республикасы Жер кодексі және Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекітілген «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидалары»  негізінде Бөрлі ауданының әкімдігі ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін жалға беру бойынша қайта конкурсты 2019 жылғы  05 наурызда сағат 1500 де Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы Ақсай қаласы, Советская көшесі, № 99 мекен-жайы бойынша Бөрлі ауданы ғимаратында өткізеді.