• БЖЗҚ офисіне бармай –ақ реквизиттердегі мекен-жайды өзгертуге бола ма? 

БЖЗҚ  2017 жылы өзінің электрондық қызмет көрсету жүйесін кеңейтіп, салымшыларға Қор сайтындағы жеке кабинеті арқылы реквизиттеріне өзгеріс енгізуге мүмкіндік берді. Енді БЖЗҚ-ың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген   реквизиттердің (жеке куәлік туралы ақпарат, тұрғылықты жердің мекен-жайы, электрондық мекен-жай (e-mail), телефон номерлері)   өзектілігін электрондық сандық қолтаңбаның өзекті кілті бар жағдайда өз бетінше тексеріп, қажет жағдайда өзгерістер және (немесе) түзетулер  енгізуге болады.  Бұл үшін БЖЗҚ сайтындағы «Электрондық сервистер» атты бөлімге кіріп, «Реквизиттерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу» атты электрондық қызметке жүгініп, керекті өзерістерді енгізу қажет.   

  • Егер зейнетақы қорымен келісім-шарт жеке куәлік негізінде жасалған болса,  ақпараттандыру әдісін өзгерту туралы қосымша келісімге қол қойған кезде ҚР азаматының төлқұжатын пайдалануға бола ма? 

 

Иә, ҚР азаматының төлқұжатын хабарландыру тәсілін өзгерту/ белгілеу туралы  келісімге қол қою  үшін пайдалануға болады. Бұл ретте салымшының (алушының) негізгі деректемелерінің сәйкестігі салымшының бұрын жеке басты куәландыратын басқа құжат (әкесінің аты көрсетілген жеке куәлік, тұруға ықтиярхат) беруі салдарынан пайда болған «әкесінің аты» деректемесіндегі алшақтықты есепке алмай-ақ тексеріледі.

  • ЖЗШ-да қалған қаржы мен оның есеп-қисабы  туралы Анықтаманы кім талап ете алады? 

Зейнетақы жинақтары туралы құпияны зейнетақы жарналарын аударып жүрген салымшыға, алушыға немесе кез-келген үшінші тұлғаға тек салымшының (алушының) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделген жазбаша келісімі арқылы ғана беруге болады. 
ЖЗШ-да қалған қаржы және олардың қозғалыстары туралы есеп туралы анықтама:    
1) алдын-ала анықтау және алдын-ала тергеу органдарына олардың өндірісіндегі қылмыстық істерге қатысты; 
2) соттарға – сот ұйғарымы бойынша  олардың өндірісіндегі істерге қатысты; 
3) сот орындаушыларына – сот санкциясы бойынша сот орындаушысының қаулысы негізінде олардың өндірісіндегі атқару құжаттары негізінде; 
4) мемлекеттік кіріс органдарына – тексеріліп жатқан тұлғаның  міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау, төлеу  мәселелеріне байланысты; 
5) өкілетті органға – салымшының (алушының) арызына немесе өкілетті органның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысын тексеруіне байланысты   туындаған мәселелерге қатысты; 
6) прокурорға  -  қарауындағы материалға қатысты оның өкілеттігі аясында тексеру жүргізу туралы қаулыға сәйкес;   
      7) қаржылық мониторинг жөніндегі өкілетті органға –  ҚР «Қылмыстық жолмен алынған  табыстарды жариялауға және лаңкестікті қаржыландыруға тосқауыл қою   туралы» Заңында көрсетілген мақсаттарда және тәріпте; 
8) салымшының (алушының) өкілдеріне – нотариалды бекітілген сенімхат немесе сот шешімінің негізінде; 
9) Орталыққа – міндетті зейнетақы қорлары, кәсіби міндетті зейнетақы қорлары бойынша салымшылардың (алушылардың) мәліметтер базасын жасау және міндетті зейнетақы жарналары, кәсіби міндетті зейнетақы жарналарының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында сақталуын, салымшының зейнетақы төлемдеріне құқын алу сәтіне нақты салымдарының инфляция деңгейін ескере отырып, қамтамасыз ету мақсатында; 
10) орталық атқарушы органға – салымшы (алушының) арызына байланысты туындаған мәселелерге орай; 
11) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысына жыл сайын аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға;  
12) Халыққа қызмет ету орталықтарына – салымшыға (алушыға) немесе оның  арызы бойынша, олардың өкіліне нотариалды бекітілген сенімхат бойынша немесе сот шешімі бойынша.
Сонымен қатар, жеке зейнетақы шотының бар екендігі туралы, ондағы қалдық пен қаражат қозғалысы туралы анықтама салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда, өсиетхатта көрсетілген тұлғаларға олардың жазбаша арызы бойынша, соттарға  - олардың өндірісіндегі мұрагерлік туралы істер бойынша беріледі.