«Бөрлі ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2018 жылы  30 қараша Астана уақытымен сағат 11-00  zem.kz электрондық порталында өнеркәсіптік - азаматтық мақсаттағы объектілер құрылысы үшін жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізеді. Құжаттарды қабылдау 2018 жылғы қарашаның 15-нен zem.kz электрондық порталында өткізіледі.

Жалдау құқығын сату үшін ұсынылған жер учаскелерінің тізімі

р/с

Құқықтан айыру түрі

Жер учаскесінің көлемі (га)

Нысаналы

мақсаты

Жер учаскесінің

орналасқан жері

Жылдық жалға беру ақысы, теңге

Бастапқы құны, теңге

Кепілдік жарнасы

Шектеулер

1.

3 жылға  жалдау құқығы

0,192

Дүкен құрылысы және оның аумағын күту үшін

Ақсай қаласы,  Аралтал ауылы

10 829

144 000

7 200

жоқ

2.

3 жылға  жалдау құқығы

0,192

Дүкен құрылысы және оның аумағын күту үшін

Ақсай қаласы,  Аралтал ауылы

10 829

144 000

7 200

жоқ

3

3 жылға  жалдау құқығы

0,2772

Дүкен құрылысы және оның аумағын күту үшін

Пугачев а.о., Пугачев ауылы

1 719

20 291

1015

жоқ

4.

3 жылға  жалдау құқығы

4,0

Өндірістік базасының құрылысы және оның аумағын күту үшін

Березов а.о

11 017

449 280

22 464

 

жоқ

5.

3 жылға  жалдау құқығы

0,1250

Ғимарат құрылысы және оның аумағын күту үшін

Ақсай қаласы, с Қызылтал ауылы, Бейбарыс Сұлтан көшесі

7050

65 625

3281

жоқ

6.

3 жылға  жалдау құқығы

0,0561

Ғимарат құрылысы және оның аумағын күту үшін

Ақсай қаласы, Молодежная көшесі

3 164

42 075

2 104

Байланыс желісін жер учаскесінің аумағынан шығару

7.

3 жылға  жалдау құқығы

0,2800

Астық қоймасының құрылысы үшін

Пугачев а.о.,  Пугачев ауылы

1736

20 496

1025

жоқ

8.

3 жылға  жалдау құқығы

0,1000

Техникалық қызмет көрсету стансасының құрылысы үшін

Пугачев а.о.,  Пугачев ауылы,  Ақсай көшесі

620

7320

366

жоқ

9.

3 жылға  жалдау құқығы

0,3300

Ғимарат құрылысы және оның аумағын күту үшін

Ақсай  көшесі,  Иксанова көшесі

18 612

198 000

9 900

жоқ

 

Аукционды өткізу шарттары: Аукцион ағылшындық әдіс бойынша өтізіледі (бастапқы бағасының өсуіне қарай). Қадам объектінің ағымдағы бағасының бестен он пайызына дейінгі шектерде өзгереді.

Жер учаскелерінің жалдау құқығын сату шарттары және ауыртпалықтар (шектеулер) тізілімі: сатып алушы: аукцион өткізілетін күні оның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюға, «Бөрлі ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен аудан, қала, ауылдық округі әкімдігінің тиісті шешімімен (қаулымен), қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жер учаскесінің жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасасуға және ол бойынша міндеттерді орындауға,  игерілу шарттары туралы шартты жасасуға, жер учаскесін оның нысаналы мақсатына сай пайдалануға, қажет болған жағдайда, мүдделі тұлғаларға жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығын (сервитут) беруге, жалдау төлемін уақытылы өтеуге міндетті.

Сауда-саттықта белгіленген учаскенің аукциондық құны 50% мөлшердегі аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан кейін банктік 5 күннен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей енгізілуі қажет.

Ескерту: Кепілдік жарна әрбір сауда-саттық объектісі бойынша бөлек енгізіледі.

Аукцион қатысушысы ретінде тіркелу үшін:

жеке тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты;

заңды тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) резидент емес тұлғалар сауда-саттық тізілімінен заңдастырылған үзіндіні немесе шетелдік заңды тұлғалар шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға екендігін куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасы бар басқа заңдастырылған құжатты береді; 4) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты ұсыну қажет.

Көшірмелердің дұрыстылығын растау үшін түпнұсқалары салыстыру үшін беріледі.

Аукцион қатысушыларын тіркеу ақпараттық хабар жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Аукцион қатысуға өтініштер zem.kz электрондық порталында қабылданады:

Аукционға қатысу бойынша мәліметті «БҚО Бөрлі ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ алуға  болады. Ақсай қаласы, Абай даңғылы, 3/1, 1 қабат, 122 кабинет,  телефон: 8 (71133)52-9-93