1. Ірі қара мал мен қойлардың аналық мал басы селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу;асыл тұқымды ірі қара мал,қой,жылқы,шошқа,түйе,марал сатып алу,құс,етті және жұмыртқа бағытындағы асыл тұқымды тәуліктік балапан,жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басын қалыптастырылған,жалпы табында өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу,жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеу;

2.Сиыр етін,жылқы етін,қой етін,шошқа етін,бройлерлік құс еті,сүт,қымыз,шұбатты,биязы жүнді қойлардың жүнін өндіру үшін пайдаланылатын малдар мен құстарға арналған азықтың құнын арзандату;

Субсидия алу үшін қажетті құжаттар тізімі:

Тауар өндірушілер субсидиялау бағыттарына сәйкес субсидиялар алу үшін өтінімге қосымша төмендегі құжаттарды қоса береді;

1) малдарды сатып алу- өткізу/лизинглеу шартының түпнұсқасы мен көшірмесі;

2) малдарды сатып алу – өткізу шарттары бойынша толық төлем жасауды растайтын төлем құжаттарының түпнұсқалары мен көшірмелері;

3) барлық малдың идентификациялық нөмірлерінің болуы және ИСЖ-ға тіркелген құжаттары;

4) барлық мүйізді ірі қара малының ИАС-қа тіркелу туралы құжаттары;

5) тауар өндірушіге тиесілі емес кәсіпорынның қызметін пайдаланғанда малды сою және алғашқы өңдеу бойынша көрсетілген өызметтерді растайтын құжаттардың(шарт,шот-фактура,төлем құжаттары )түпнұсқалары мен көшірмелері;

6 өнімді өткізуді және сатып алушының өнімді толық төлегенін растайтын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері;

7) шаруашылықты жүргізу кітабының немесе 24-ауыл шаруашылығы нысаны есебінен үзіндісі;

8) тауар өндірушілердің осы қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген өлшемдер мен талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелері;

9) тауарөндірушілер төлем шоттарын растайтын банктен анықтама;

Құжаттарды қабылдау уақыты 2019 жылғы 21 қаңтарынан жыл аяғына дейін

Бөрлі ауданы « Ауыл шаруашылығы  бөлімі»ММ

Мекен жайымыз:Ақсай қаласы Советская көшесі 203 үй,тел.22322,22275