«Бөрлі ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2019 жылы  23 тамызда Астана уақытымен сағат 11-00 zem.kz электрондық порталында өнеркәсіптік - азаматтық мақсаттағы объектілер құрылысы үшін жер учаскелерін жалдау  құқығын сату бойынша аукцион өткізеді. Құжаттарды қабылдау 2019 жылғы тамыздың 08-нен бастап zem.kz электрондық порталында өткізіледі.

Жалдау құқығын сату үшін ұсынылған жер учаскелерінің тізімі

р/с

Құқықтанайыру

түрі

Жер

учаскесінің

көлемі (га)

Нысаналы

мақсаты

Жер учаскесінің

орналасқан жері

Жылдық жалға беру ақысы, теңге

Бастапқы құны, теңге

Кепілдік

жарнасы

Шектеулер

1

3 жылға  жалдау

құқығы

0,2800

Астық қоймасының құрылысы үшін

Бөрлі ауданы, Пугачев а/о.,  Пугачев ауылы

 

1736

 

 

20 496

 

 

1025

жоқ

2

3 жылға  жалдау

құқығы

2,0

Ат қорасының құрылысы және оның аумағын күту үшін

Бөрлі ауданы, Пугачев а/о

 

5652

262 080

13 104

 

жоқ

 

Аукциондыөткізушарттары: Аукцион ағылшындық әдіс бойынша өтізіледі (бастапқы бағасының өсуіне қарай).Қадам объектінің ағымдағы бағасының бестен он пайызына дейінгі шектерде өзгереді.

Жер учаскелерінің жалдау құқығын сатушаттары және ауыртпалықтар (шектеулер) тізілімі: сатыпалушы: аукцион өткізілетін күні оның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюға, «Бөрлі ауданының жерқатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен аудан, қала, ауылдық округі әкімдігінің тиісті шешімімен (қаулымен), қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жер учаскесінің жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасасуға және ол бойынша міндеттерді орындауға,  игерілу шарттары туралы шартты жасасуға, жер учаскесін оның нысаналы мақсатына сай пайдалануға, қажет болған жағдайда, мүдделі тұлғаларға жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығын (сервитут) беруге, жалдау төлемін уақытылы өтеуге міндетті.

Сауда-саттықта белгіленген учаскенің аукциондық құны 50% мөлшердегі аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан кейін банктік 5 күннен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей енгізілуі қажет.

Ескерту: Кепілдік жарна әрбір сауда-саттық объектісі бойынша бөлек енгізіледі. Кепілдік жарна төлер кезінде төлем мақсатын: «Жер учаскесінің жалдау құқығын сату бойынша аукционға қатысу үшін кепілдік жарна 5%» деп көрсетілу қажет.

 

Аукцион қатысушысы ретінде тіркелу үшін:

жеке тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты;

заңды тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) резидент емес тұлғалар сауда-саттық тізілімінен заңдастырылған үзіндіні немесе шетелдік заңды тұлғалар шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға екендігін куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасы бар басқа заңдастырылған құжатты береді; 4) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты ұсыну қажет.

Көшірмелердің дұрыстылығын растау үшін түпнұсқалары салыстыру үшін беріледі.

Аукцион қатысушыларын тіркеу ақпараттық хабар жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Аукцион қатысуға өтініштер zem.kz электрондық порталында қабылданады:

Аукционға қатысу бойынша мәліметті «БҚО Бөрлі ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ алуға  болады. Ақсай қаласы, Абай даңғылы, 3/1, 1 қабат, 122 кабинет,  телефон: 8 (71133)52-9-93