Лот №

Құқық пайдалану түрі

Жер учаскесінің көлемі (га)

Нысаналы

мақсаты

Жеручаскесінің

орналасқанжері

Жылдық жалға беру ақысы, теңге

Бастапқы құны, теңге

Кепілдік жарнасы

Шектеулер

1

3 жылға жалдау құқығы

2,5

Өндірістік база құрылысын салу және оған қызмет көрсету үшін

Бөрлі ауданы, Пугачев ауылдық округі аумағы, бұрынғы Тұңғыш ауылы маңында

 

6707

327 600

16 380

 

жоқ

2

3 жылға жалдау құқығы

2,0

Инертті материалдарды сақтау қоймасының құрылысын салу және оған қызмет көрсету үшін

Бөрлі ауданы, Пугачев ауылдық округі аумағы, бұрынғы Тұңғыш ауылы маңында

 

 

5365

262 080

13 104

 

жоқ

3

3 жылға жалдау құқығы

0,1225

Мал моласының құрылысын салу және оған қызмет көрсету үшін

Бөрлі ауданы, Жарсуат ауылдық округі аумағы

 

760

11 466

574

жоқ

4

3 жылға жалдау құқығы

3,5

Көң сақтау құрылысын салу және оған қызмет көрсету үшін

Бөрлі ауданы, Жарсуат ауылдық округі аумағы

 

8095

327 600

16 380

 

жоқ

5

3 жылға жалдау құқығы

0,0984

Ғимарат құрылысын салу және оның аумағын күту үшін

Бөрлі ауданы, Приурал ауылы, Куриленко көшесі

 

610

6 855

343

 

жоқ

6

3 жылға жалдау құқығы

0,1737

Өндірістік база құрылысын салу және оған қызмет көрсету үшін

Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Промышленная зона көшесі

 

 

7539

195 413

9 771

 

жоқ

7

3 жылға  жалдау құқығы

1,8

Арнайы техникалар мен жүк автокөліктерін сақтау тұрағына қызмет көрсету үшін

Ақсай қаласы, Солтүстік айналма жол бойы

 

78120

2 025 000

101 250

 

жоқ

8

3 жылға  жалдау құқығы

2,3

Ағаштарды сақтау алаңы және өңдеу цехы құрылысын салу үшін

Ақсай қаласы, Солтүстік өндірістік аймақ

 

99820

2 587 500

129 375

 

жоқ

9

3 жылға  жалдау құқығы

2,0

Ғимарат құрылысын салу және оның аумағын күту үшін

Ақсай қаласы, Аралтал ауылы ауданы, Солтүстік айналма жол бойы

 

86800

1 650 000

82 500

 

жоқ

10

3 жылға  жалдау құқығы

0,03

Ғимарат құрылысын салу және оның аумағын күту үшін

Ақсай қаласы, Советская көшесі

 

1302

22 500

1 125

 

жоқ

 

Аукционды өткізу шарттары: Аукцион ағылшындық әдіс бойынша өтізіледі (бастапқы бағасының өсуіне қарай). Қадам объектінің ағымдағы бағасының бестен он пайызына дейінгі шектерде өзгереді.

Жер учаскелерінің жалдау құқығын сату шарттары және ауыртпалықтар (шектеулер) тізілімі: сатып алушы: аукцион өткізілетін күні оның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюға, «Бөрлі ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен аудан, қала, ауылдық округі әкімдігінің тиісті шешімімен (қаулымен), қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жер учаскесінің жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасасуға және ол бойынша міндеттерді орындауға,  игерілу шарттары туралы шартты жасасуға, жер учаскесін оның нысаналы мақсатына сай пайдалануға, қажет болған жағдайда, мүдделі тұлғаларға жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығын (сервитут) беруге, жалдау төлемін уақытылы өтеуге міндетті.

Сауда-саттықта белгіленген учаскенің аукциондық құны 50% мөлшердегі аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан кейін банктік 5 күннен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей енгізілуі қажет.

Ескерту: Кепілдік жарна әрбір сауда-саттық объектісі бойынша бөлек енгізіледі. Кепілдік жарна төлер кезінде төлем мақсатын: «Жер учаскесінің жалдау құқығын сату бойынша аукционға қатысу үшін кепілдік жарна5%» деп көрсетілу қажет.

Аукцион қатысушысы ретінде тіркелу үшін:

жеке тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты;

заңды тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) резидент емес тұлғалар сауда-саттық тізілімінен заңдастырылған үзіндіні немесе шетелдік заңды тұлғалар шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға екендігін куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасы бар басқа заңдастырылған құжатты береді; 4) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты ұсыну қажет.

Көшірмелердің дұрыстылығын растау үшін түпнұсқалары салыстыру үшін беріледі.

Аукцион қатысушыларын тіркеу ақпараттық хабар жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Аукцион қатысуға өтініштер zem.kz электрондық порталында қабылданады:

Аукционға қатысу бойынша мәліметті «БҚО Бөрлі ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ алуға  болады. Ақсай қаласы, Абай даңғылы, 3/1, 1 қабат, 122 кабинет,  телефон: 8 (71133)52-9-93