«Бөрлі ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2020 жылы 03 наурызда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11-00 «gosreestr.kz» электрондық порталында өнеркәсіптік - азаматтық мақсаттағы объектілер құрылысы үшін жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізеді. Құжаттарды қабылдау 2020 жылғы ақпанның 18-нен бастап «gosreestr.kz» электрондық порталында өткізіледі.

Жалдау құқығын сату үшін ұсынылған жер учаскелерінің тізімі

Лот №

Құқық пайдалану түрі

Жер учаскесінің көлемі (га)

Нысаналы

мақсаты

Жеручаскесінің

орналасқанжері

Жылдық жалға беру ақысы, теңге

Бастапқы құны, теңге

Кепілдік жарнасы

Шектеулер

1

3 жылға жалдау құқығы

0,0984

Ғимарат құрылысын салу және оның аумағын күту үшін

Бөрлі ауданы, Приурал ауылы, Куриленко көшесі

 

610

6 855

132 550

 

жоқ

2

3 жылға  жалдау құқығы

0,03

Ғимарат құрылысын салу және оның аумағын күту үшін

Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Советская көшесі

 

1302

22 500

132 550

 

жоқ

 

Аукционды өткізу шарттары: Аукцион ағылшындық әдіс бойынша өтізіледі (бастапқы бағасының өсуіне қарай). Қадам объектінің ағымдағы бағасының бестен он пайызына дейінгі шектерде өзгереді.

Жер учаскелерінің жалдау құқығын сату шарттары және ауыртпалықтар (шектеулер) тізілімі: сатып алушы: аукцион өткізілетін күні оның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюға, «Бөрлі ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен аудан, қала, ауылдық округі әкімдігінің тиісті шешімімен (қаулымен), қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жер учаскесінің жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасасуға және ол бойынша міндеттерді орындауға,  игерілу шарттары туралы шартты жасасуға, жер учаскесін оның нысаналы мақсатына сай пайдалануға, қажет болған жағдайда, мүдделі тұлғаларға жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығын (сервитут) беруге, жалдау төлемін уақытылы өтеуге міндетті.

Сауда-саттықта белгіленген учаскенің аукциондық құны 50% мөлшердегі аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан кейін банктік 5 күннен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей енгізілуі қажет.

Аукцион қатысушысы ретінде тіркелу үшін:

жеке тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты;

заңды тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) резидент емес тұлғалар сауда-саттық тізілімінен заңдастырылған үзіндіні немесе шетелдік заңды тұлғалар шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға екендігін куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасы бар басқа заңдастырылған құжатты береді; 4) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты ұсыну қажет.

Аукционға қатысу бойынша мәліметті «БҚО Бөрлі ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ алуға  болады. Ақсай қаласы, Абай даңғылы, 3/1, 1 қабат, 122 кабинет,  телефон: 8 (71133)52-9-93