«Еңбек жолы» республикалық конкурсын  өткізудің мақсаты: 

1) Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламалық мақаласының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету, ұрпақтар сабақтастығын сақтау;

2) еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пiкiр қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау;

3) қазақстандықтарда Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

 Кәсіпорынның (саласына қарамастан) барлық жұмыскерлері Конкурсқа қатыса алады. Конкурстың өткізілуі туралы ақпарат барлық бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылуға тиіс.

 Конкурс 3 номинациядан тұрады:

1) «Үздік еңбек әулеті» –еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көп, ең көп санды әулет таңдалады.

Ескертпе

Конкурсқа меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдардағы еңбек әулеттерінің өкілдері қатыса алады.

Еңбек әулеті – бір ұймның бір отбасының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және аталған ұйымдағы жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған әулет өкілі әулеттің басшысы болып танылады.

Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс.

2) «Өндірістің үздік жас маманы» - жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;

3) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» -жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.

Әр номинация бойынша жеңімпаздарды марапаттау үшін келесі сомалар ақшалай сертификаттар беріледі:

- 1 орын – 1 000 000 (бір миллион) теңге;

- 2 орын – 500 000 (бесжүз мың) теңге;

- 3 орын – 200 000 (екіжүз мың) теңге.

 Конкурс 2 кезеңде өтеді:

I.    Облыстық деңгейде «Еңбек жолы» конкурсы жеңімпаздарын іріктеу:

 Республикалық деңгейде «Еңбек жолы» конкурсы жеңімпаздарын іріктеу:

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМИССИЯ конкурстың өңірлік деңгейінің жеңімпаздарының арасынан «Еңбек жолы» Конкурсының ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАЙДЫ;

Республикалық комиссия «Еңбек жолы» конкурсының республикалық кезеңінің әр номинациясы бойынша (бірінші, екінші, үшінші орындар) жеңімпаздарды анықтайды.

 Салтанатты марапаттау рәсімі ағымдағы жылғы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына» республикалық форумы өтетін күні Астана қаласында өтеді.

 

  Өңірлік және республикалық конкурсқа ұсынылатын құжаттар

 

 Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінім;

2) жеке куәліктің көшірмесі;

3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);

4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1 минуттан аспайтын компьтерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);

5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері/жұмыс орнынан анықтама;

6) жұмыс беруші немесе кәсіподақ берген ұсынымдық хат.

Бар болса (мынадай құжаттардың көшірмелері):

мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, мадақтау қағаздарының, алғыс хаттардың көшірмелері;

біліктілікті арттыру туралы куәліктер (бар болса).

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.

 

 Өнірлік конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2020 жылдың 15 наурыздан бастап 2020 жылғы 20 сәуірге дейін қабылданады.

Қабылдау мекеме-Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Ақсай қаласы Абай даңғылы 3/1, қала әкімдігінің ғимараты.