Достар, біршама уақыттан бері egov.kz порталының қолданушылары үшін «Денсаулық паспорты» бөлімі жұмыс істей бастады.

 

 Бұл – сіздің денсаулығыңызға қатысты барлық мәліметтер жиналған база іспетті. Өзіңізге қатысты ақпаратты көру үшін порталдағы жеке кабинетіңізге кіріп, медициналық жазбалар бөліміне өтіңіз.

 

Денсаулық паспортында қандай мәліметтер көрінеді?
Тіркелген емханаңыз;

 

 Учаскелік дәрігеріңіз туралы мәлімет;

 

 Сізге қойылған диагноздар мен еміңіз бойынша берілген нұсқаулықтар.

 

Сіздің паспортыңыздағы мәліметтерді емхана,аурухана дәрігерлері мен жедел жәрдем мамандары көре алады. Олар электронды паспортыңыздан аллергияңыздың бар/жоғын, талдау нәтижелерін, дәрігер қабылдауына барғаныңызды, жазылып берілген дәрілер тізімін көріп біледі.

Денсаулық паспортындағы мәліметтерге сіз өзгерту енгізе алмайсыз.
Egov.kz порталын қолдану үшін электронды цифрлық қолтаңбаның болуы міндетті.
#oqytoqy