2018 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша

Аудан әкімі аппараты басшысының 2018 жылдың 4 қаңтарындағы № 2 бұйрығымен бекітілген ішкі бақылау жоспарына сәйкес II тоқсан қорытындысы бойынша 2 мекемеге тексеріс жүргізілді. Атап айтқанда: Бөрлі ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы және Бөрлі аудандық ветеринариялық станциясы.

Қызмет алушылар тарапынан жергілікті атқарушы органдарға және қызмет берушілерге келіп түскен шағымдар жоқ.

 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылдың 18 қыркүйектегі №983 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес Бөрлі ауданының (14) қала және ауылдық округ әкімі аппараттары және (13) дербес бөлімі мемлекеттік қызмет көрсетеді.

2018 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша жалпы – 20591 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:

- жергілікті атқарушы органдармен тікелей қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1402;

- «электрондық үкімет» веб-порталы және ХҚКО арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 2174;

- қызмет берушінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтерің саны – 17015.

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтер саны –4028;

- мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 2.

Тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің басым көпшілігі: «Ветеринариялық анықтамалар беру», «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру». «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою», «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру».

Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылу фактілері анықталған жоқ.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша, қызмет алушыларды, мүдделі мемлекеттік органдарының, азаматтық қоғам ұйымдарының және БАҚ-ның өкілдерін қатыстыра отырып, дөңгелек үстелдер түрінде жиындар қажеттілігіне қарай өткізілуде.