Жаңалықтар

2018 жылғы 15 қыркүйегінде Ақсай қаласындағы «Қарашығанақ» спорт кешенінде самбо күресінен 2002-2003 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының салтанатты ашылуы өтті.

Бүгін аудан әкімдіктің кіші залында жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ағылшын тілі курсы өткізілді. Аталған курс Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай, сондай-ақ үштілділікті дамыту бойынша жүргізіліп жатқан саясатқа байланысты ұйымдастырылды. Мемлекеттік қызметшілерге арналған курс екінші рет өткізіліп, 3 айға жалғасады. Биыл тіл курстарын өткізуге  мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы «Yerkin  Rukh» ЖШС-і атанды.

Бүгінгі күнге Ақсай қаласы Пролетарка көшесінің күрделі жөндеуі жалғастыруда. Жолдың ені 6 метр, асфальттың бірінші қабат төсемі 6 см, енді жоғарғы 4 сантиметрлік қабаты төселеді.

Бүгін Бөрлі ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Дархан Мутигуллиевич Агедилов Бөрлі ауданының прокуроры Нурлан Сарсенбаевич Макатовпен Қанай ауылына жұмыс сапарымен жолықты. Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің әдебі, мінез-құлық нормалары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ауыл тұрғындарының қабылдауы өткізілді.

2018 жылдың 13 қыркүйекте аудандық тұрғын үй инспекциясының бөлімі Ақсай қаласының 4-ші шағын ауданы №4 үйдің тұрғындарымен бірге «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі»