Жаңалықтар

2018 жылдың 12 желтоқсан күні «Қарашығанақ» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон аясында Бөрлі ауданының спорт саласы қызметкерлері арасында отырыс өтті.

10 желтоқсан күні Бөрлі ауданының әкімі Санжар Жұматайұлы Әлиев Бөрлі ауылының тұрғындарымен кездесіп, ауылдың тұрмыс-тіршілігімен танысты. 

2018 жылдың 10 желтоқсаны күні Бөрлі ауданының әкімі С.Әлиев Бумакөл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Аудан әкімі кездесу барысында ауыл тұрғындарының көтерген сұрақтарына жауап берді.

Аудан бюджетінен қаржыландырылатын Бөрлі ауданының атқарушы органдары үшін бірыңғай  конкурстық  комиссиясы отырысының 2018 жылғы 05 желтоқсандағы №5-10/130 қорытынды хаттамасы негізінде, аудан әкімінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №558–ө өкімімен Баймукашева Галия Темиргалиевна Бөрлі ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды. 

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша "Ақсай Жанғырту" ЖШС-і және ПИК "Үміт"  10 ықшам аудан 2 үй 2 кіреберіс тұрғындарымен жедел саты  орнатылуы   туралы жиналыс өткізілді.Жиналыс нәтижесі бойынша  тұрғындардың келісімімен  қол қойылды.