Жаңалықтар

1 наурыз Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай ауданымыздағы ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен «Жас құтқарушы-2017» сайысын өткізді.

Алғыс айту күні — бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.

Ақсайда мұғалімдер мен оқушылар арасында мұз айдынындағы «Толағай» іріктеу ойындары өтті. Соның нәтижесінде І орынды № 2 ОЖББМ командасы, ІІ орынды № 3 ОЖББМ командасы, ІІІ орынды Қанай ауылдық округінен келген команда иемденді.

Ауған соғысында қаза болған интернационалист жауынгер Леонид Куриленконы еске алуға арналған және Кеңес әскерінің шығарылғанына 28 жыл толуына орай оқушылар арасында волейболдан және ату спортынан аудандық спорт жарысы өтті.

«Біз экономикамыздың жаңа тетіктерін дамытуымыз керек». Бұл туралы Бөрлі аудандық қоғамдық келісім кеңесінің ұйымдастыруымен өткен дөнгелек үстел барысында жиналғандар айтты.