Жаңалықтар

Бөрлі ауданында «Ашық әкімдік» ашық есік күні жалғасуда.

Барлық деңгейдегі əкімдердің есеп беру кездесулері кестесіне сәйкес, а.ж. 24 қаңтар күні аудан əкімі А.Халеловтың қатысуымен Приурал ауылдық округ əкімі Т.Райымқұлов пен  Жарсуат ауылдық округ əкімі А.Утилиевтің тұрғындармен есеп беру кездесулері  өтті.

Мал шаруашылығымен айналысып, өңіріміздің осы салада дамуына ат салысып жүрген Пугачев ауылдық округі болашағы зор ауылдардың бірі. Аталмыш елді-мекенде мал басының жыл санап көбейіп, тұрғындардың шаруамен айналысу ниеті артып отыр.