Жаңалықтар

Жанар Жұмашева басқарып отырған Бумакөл ауылдық округінің тұрғындары да аталмыш жиынға белсенділік танытты. Нәзік жанды болса да атқарған істері зор ауыл әкімінің жұмысына халқы алғысын төкті. Ауыл тынысын баяндап өткен Жанар Сәбитқызы ауылдағы электор желісінің 100 пайыз тозығы жеткендігін айтты.

Барлық деңгейдегі əкімдердің есеп беру кездесулері кестесіне сәйкес, а.ж. 19 қаңтар күні Кеңтүбек ауылында аудан əкімі А.Халеловтың қатысуымен ауылдық округ əкімі Ж.Лұқпановтың тұрғындармен есеп беру кездесуі өтті. Бақтыарал, Пролетарка, Совхоз 7, Кеңтүбек елді-мекендерін қамтыған ауылдық округ көгілдір отынмен, таза ауыз сумен, электр жарығымен қамтамасыз етілген.

Аудан орталығынан шалғай жатқан Қарақұдық ауылдық округінде 317 адам тұрады. Ауыл ішіндегі атқарылған шаруалар мен болашаққа негізделген жоспармен таныстырған ауыл басшысы Қамидолла Мұқановқа да халқы дән риза.

2017 жылдың 20 қаңтарында  Бөрлі ауданының əкімі А.Халеловтың жəне Қарағанды ауылдық округінің əкімі Д.Акмамбетовтің Қарағанды ауылдық округінің тұрғындарымен есеп беру кездесуі өтті. Кездесуге аудан əкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдердің, коммуналдық қызмет көрсететін ұйымдардың басшылары,  аудандық мәслихат депутаттары қатысты.