Жаңалықтар

2017 жылғы 19 қаңтар күні Бөрлі ауданының əкімі А.Халелов Ақбұлақ ауылының тұрғындарымен кездесті. Есеп беру кездесуі барысында Ақбұлақ ауылдық округінің əкімі Н.Хайранбаева ауылдың даму бағыттары бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстармен таныстырды.

2017 жылдың 18 қаңтарында  Бөрлі ауданының əкімі А.Халеловтың жəне Ақсу ауылдық округінің əкімі Ғ.Өтепбергеновтің Ақсу ауылдық округінің тұрғындарымен есеп беру кездесуі өтті. Кездесуге аудан əкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдердің, коммуналдық қызмет көрсететін ұйымдардың басшылары,  аудандық мәслихат депутаттары қатысты. 

Бүгін, 2017 жылғы 18 қаңтар күні Бөрлі ауданының əкімі А.Халеловтың жəне Александров ауылдық округінің əкімі З.Мурзагалиевтің Александров ауылдық округінің тұрғындарымен есеп беру кездесуі өтті.

Қырық үйден тыйған қазақтың ибалы да инабатты қыздары қайда? Жалпы қазақ қызы қандай болуы керек? Білімі мен ақылы, көркі мен сыпайылылығы өн бойына сақтаған сұлуларымыз кімге еліктейді? Осы сұрақтар төңірегінде Бөрлі аудандық мәдениет үйінде дөңгелек үстел өтті.