Жаңалықтар

Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Исанов және "Ақсай" мәдени-бұқаралық ұлттық ат спорт кешенінің директоры И.Карабаев Алматы қаласындағы Республикалық спорт колледжінің директоры Тшанов Аманбек Қозыбақұлымен, аталған колледждің студенттерімен, жаттықтырушыларымен кездесіп, Бөрлі ауданында жаңа спорт нысандарының және жеңіл атлетика, шаңғы, допты хоккей спорт түрлері бойынша бөлімдердің ашылуына орай, білікті мамандарды өңірімізге тарту мақсатында ұсыныстар білдірді.

Аудан әкімі С.Әлиев «Қарашығанақ» мұнай-газ кешенін игеріп жатқан шетелдік компанияларға әлемдік деңгейдегі сервистік қызмет түрлерін ұсынып отырған «Ақсайгазсервис» АҚ ұжымымен кесдесті. 

Бейбіт елдің қаhармандары Ақсай қаласында «Қазіргі заман қаһарманы» деп аталатын республикалық шара оздырылды.

Жарасымды жанұялар байқауы Бөрлі ауданында «Алтын ұя – 2018» отбасылық байқауы болып өтті.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің, Бөрлі ауданы әкімінің аппаратынын және "Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен, Елбасы Н.Ә Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатынының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауын насихаттауға бағытталған пікірсайыс турнирі 15 қараша күні Бөрлі ауданы әкімі аппаратының кіші залында өткізіліді. Аталған  турнирге мемлекеттік қызметшілер мен белсенді жастардан құрылған командалар "Оппозиция" және "Парламент" болып екі топқа бөлініп, қойылған талаптарға сай, таңдалған тақырып бойынша өз ой-пікірлерін дәлелдеп шықты.