Жаңалықтар

Бұл күні оқырмандар рухани азық алу үшін кітапханаға әдеттегідей күндіз емес, кеште жиналды. Әр қайсысы өзіндік ерекшелігі мол кештің өзгеше боларын болжап-ақ келді.

Сонау шетелден, Филиппиннің Манила қаласында пара-таэквондодан өткен Азия чемпионатынан қола жүлдемен оралған Мәлік Мұқашевты аудан жастары Ақсай қаласына кіреберіс жол бойында зор құрметпен қарсылап алды.

15 сәуір ғашықтар күніне орай жалпы білім беретін №4 орта мектепте аудандық жастарман жұмыс жөніндегі ресурстық орталық және жастар мәслихатының ұйымдастыруымен «Ғашық көңіл — мәңгі жасыл айдын көл» атты шара болып өтті.

Дін – нәзік дүние. Жүрек түкпірінен орын алып, иманы кәміл жандардың жанын жадырататын дәстүрлі дініміздің шапағаты зор. Ал бұл сенімге күмән келтіріп, бұра тартып, адасып жүргендер үшін дәстүрлі діннің дұрысын бұрыс деп түсінеді. Көз алдымызда жүріп, теріс ағымның ағынымен кетіп жатқан жандардың жат қылықтары әрдайым көңілге қаяу түсіріп, жүректі жаралайды. Алайда дін мен қоғам өзара үйлесімде дамитындықтан, әр адамның діни білімі, имандылығы қоршаған ортаға қайырлы болуы шарт. Бүгінгі таңда күнделікті тұрмыста, өмір ағысында дінге қатысты түрлі сұрақтар туындап жатқаны шындық. Аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Абрахманов Мейрамбек Ақылбекұлымен болған сұхбат барысында қоғам мен діннің өзара байланысы, имандылық айнасы жөнінде, күнделікті тұрмыстағы жағдайларға қатысты сауалдарға шариғат бойынша жауабын білуді жөн көрдік.