Жаңалықтар

2018 жылдың  26 қазан күні Бөрлі ауданының әкімі С. Алиев Ақбұлақ және Ақсу ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Тұрғындар сұрақтар қойып оған аудан әкімі толықтай жауап берді.

2018 жылдың 27 қазан күні  ауданымызда жалпы аудандық сенбілік өтті. Сенбілікке жергілікті мемлекеттік мекемелермен қатар басқа да ұйымдар, аудан тұрғындары қатысты.

Бөрлі ауданы бойынша "Ағаш отырғыз - тамырыңды тереңге жай" акциясы аясында 2018 жылдың 27 қазан күні Бөрлі ауданы әкімдігінің және Ақсай қаласы әкімдігінің қолдауымен аудандық дербес бөлімдері, дене шынықтыру және спорт бөлімі, Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, "Ақсай" спорт кешені,
жастар ресурстық орталығы бірлесіп, "Қарашығанақ" дене шынықтыру- сауықтыру кешенінің  айналасына  300 түп тал отырғызды.

2018 жылдың 25 қазаны күні аудан әкімі С.Әлиев Қарағанды және Қарақұдық ауылдары тұрғындарымен кездесу өткізді.

2018 жылдың 26 қазан күні "Ақсай" мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорт кешенінің фитнес залында "мейірбандық күніне" орай мүмкіндігі шектеулі жандар және қариялар арасында классикалық пауэрлифтингтен аудан біріншілігі өткізілді.