Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызметшілермен жалпы республикалық экологиялық  ағаш өсіру акциясын жариялап, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы аумағында  іс – шараны жүзеге асыру үшін («Посоди дерево – пусти корни») «Ағаш отырғыз – тамырыңды тереңге жай!»  тақырыбы аясында барлық ауылдық округ әкімшіліктеріне Бөрлі аудандық «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» КММ- нің атынан хат жолданып, аталған акция аудан деңгейінде 20 қазан  күні оздырылды. 

Қайырымдылық айы аясында, ауданымыздың ата-әжелеріне қайырымдылық таныту, көмек көрсету мақсатында, "Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының", Бөрлі аудандық "Нұр Отан" партиясы филиалының, Бөрлі ауылдық Мәдениет үйінің, "Сұңқар - Ақсай" және "Ақсай Жастары" ЖҚБ- нің ұйымдастыруымен, Бөрлі ауылының "Қарттар үйіне" ат басын бұрып, қарттар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған концерттік бағдарламамен көңіл-күйлерін көтертіп, мерекелік дастархан жайып, ақ жаулықты әжелерімізбен, ақ сақалды аталарымыздың амандығы мен дендерінің саулығына тілек айтылды. 

Өңірлерді дамыту 2020 ж бағдарламасы бойынша, Бөрлі ауданының тұрғын үй инспекциясы басшысымен Ақсай жаңғырту ЖШС-ның директоры 24.10.2018 ж. Ақсай қаласының ПИК төрағаларымен кездесу өткізілді.

Бөрлі аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес Александров ауылдық округі әкімінің лауазымына Турганалиев Ганжа Гусманович тағайындалды

Бөрлі ауданының Бөрлі ауылында облыс әкімі Алтай Көлгіновтің қатысуымен жаңа спорттық кешен салтанатты түрде пайдалануға берілді.