Жаңалықтар

Аудан әкімінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №559–ө өкімімен Жанабай Набиевич Каналин Бөрлі ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры қызметіне тағайындалды. 

2018 жылдың 11 желтоқсанында аудан әкімдігінің үлкен залында аудан әкімі С.Ж.Әлиевтің төрағалығымен қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны мәселесі бойынша жиналыс өтті.

"Адал жол – Честный путь" сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында аудандық мәдениет үйінде мәдениет қызметкерлерінің арасында дөңгелек үстел өткізіліп,  аудандық кітапханада көрме ұйымдастырылды. 

2018 жылдың 12 желтоқсан күні «Қарашығанақ» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон аясында Бөрлі ауданының спорт саласы қызметкерлері арасында отырыс өтті.

10 желтоқсан күні Бөрлі ауданының әкімі Санжар Жұматайұлы Әлиев Бөрлі ауылының тұрғындарымен кездесіп, ауылдың тұрмыс-тіршілігімен танысты.