Ақсай қаласында ардагерлер қозғалысының 30 жылдығына арналған «Қайран біздің әжелер, арды ойлаған» атты облыстық әжелер ансамбілдері байқауының іріктеу кезеңі өтті.
Бөрлі аудандық демалу орталығы жанынан құрылған «Ақ жаулықты әжелер» ансамбілі мен Шыңғылау ауданының намысын қорғаған «Елім-ай» әжелер ансамбілі өнер көрсетіп, байқаудың мақсаты мен ережелеріне сай өнерлерін ортаға салды. Алдыменен берілген тапсырма бойынша таныстырулары тындалынып, үй тапсырмасы бойынша «Шілдехана» яғни сәбиді бесікке салу дәстүрі көрсетілді. Бұл байқаудың өзге байқаудан ерекшелігі: екі ауданнан келген әжелеріміз бір дәстүрді сахналауында. Сонымен, әділқазылар алқасының шешімі бойынша Шыңғырлау ауданының намысын қорғап келген «Елім-ай» әжелер ансамбілі жеңімпаз атанып, Орал қаласында өтетін облыстық байқауға жолдама алды.