1. Ауданның жергілікті атқарушы органына  жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініш беріледі.

2. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы
өтінішті еңбек ұжымдарының, қоғамдық бірлестіктердің немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген  топтарының он сегіз жасқа толған уәкілдері береді.
3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы
өтініш, оны өткізу белгіленген мерзімінен кемінде он күн бұрын жазбаша нысанда беріледі. Өтініште шараның  мақсаты, нысаны, өткізілетін орны немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкілдердің (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртіптің сақталуына жауапты тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты, олардың тұратын және жұмыс істейтін (оқитын) жері, өтініштің берілген күні көрсетіледі. Өтініштің берілген мерзімі ауданның  жергілікті атқарушы органында тіркелген күннен бастап есептелінеді.
4. Ауданның жергілікті атқарушы органы өтінішті қарайды және қабылдаған шешім туралы уәкілдерге (ұйымдастырушыларға) өтініште көрсетілген шараның өткізілетін уақытынан кемінде бес күн бұрын хабарлайды.
5. Егер жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткізу туралы өтініште осы Қосымша реттеу тәрбінің  3-бөліміндегі талаптары сақталмаған жағдайда, ауданның жергілікті атқарушы органымен  жіберілген бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсыныспен, жаңа өтініш түсіру туралы ресми жауап беріледі. Жаңа өтінішті қарау мерзімі, оның түскен уақытынан бастап есептелінеді.
6. Ауданның жергілікті атқарушы органы басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көлік инфрақұрылымының қалыпты жұмыс істеуін, жас көшеттер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қажет болған жағдайда өтінішпен жүгінгендерге шараны өткізуге өзге   орын мен уақытты  ұсынады.
7. Митингтер мен жиналыстарды өткізу орны  1- қосымшаға  сәйкес
анықталады.
8. Шеру және демонстрация өткізетін орындардың  маршруттарын     2- қосымшаға сәйкес анықтайды.
9.  Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрациялар, сондай-ақ қатысушылардың сөйлейтін сөзі өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес, белгілі уақытта, келісілген орында жүргізіледі.
10. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрациялар  өткізу кезінде уәкілдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртіпті сақтауға тиіс.
11.  Шараны  ұйымдастырушылар мен қатысушыларға:
1)  көліктің  және жаяу жүргіншілердің қозғалысына бөгет жасауға;
2) елді  мекендегі инфрақұрылым объектілерінің  үздіксіз жұмыс істеуіне кедергі келтіруге;
3)  ауданның жергілікті атқарушы органдарының   рұқсатынсыз  киіз үйлер, шатырлар өзге де  уақытша құрылыстар  тұрғызуға;
4) шараны өткізу кезінде  қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуші  мемлекеттік органдар өкілдерінің қызметіне кез келген нысанда араласуға;  
5)  жас көшеттерге, шағын сәулет нысандарына залал  келтіруге;
6)  заңды тұлғалардың жеке меншіктеріне және азаматтарға материалдық шығын келтіретін, адамдардың денсаулығы мен өміріне қарсы қолданылатын, сондай-ақ басқа да арнайы дайындалған немесе  бейімделген заттар, суық, ату және басқа да қарулардың болуына;
7) іс-шара барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін  мемлекеттік органдар  қызметіне қандай да болмасын нысанда араласуға;
8)  алкогольдік ішімдік ішкен және есірткі қабылдаған жағдайда болуға тыйым салынады.
12. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрациялар  өткізу орындарында:
1) алкагольдік ішімдіктер ішуге, есірткі заттарды қолдануға, психотропты заттарды, соған ұқсас заттарды және прекурсорларды пайдалануға;
2) транспаранттар, ұрандар мен өзге де (визуалды, дыбыстық/бейне) материалдарды пайдалануға, сондай-ақ көпшілік алдында қоғамдық тәртіпті бұзуға шақыратын, қылмысқа итермелейтін сөз сөйлеу, үндеулер, басқа біреуге бағытталған балағат сөздерді айтуға  тыйым салынады.
13.  Пикеттер өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес, белгіленген уақыт аралығында және келісілген орында өткізілуі тиіс.
14. Пикетке қатысушылардың  қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында:
1)  әртүрлі жекелеген пикеттердің қатысушылары бір-бірінен 50 метр қашықтықта тұруы керек және тікелей көрінетін шекарада болуы тиіс.
2)  жергілікті атқарушы органдар бір уақытта, бір күнде және бір орында кемінде 3 жекелеген пикет өткізуге рұқсат етуі мүмкін.
15. Пикетке шығу барысында:
1)  пикет өтетін орында отыруға және тұруға;
2)  көрнекі үгіт -насихат құралдарын қолдануға;
3) пикет тақырыбына сәйкес ұрандар мен қысқа үндеулерді айқайлап айтуға  рұқсат етіледі.
16. Пикеттің басқа  митинг/жиналыс/шеру формадағы жалғасуына, басқа форматта өзгеруіне ауданның жергілікті атқарушы органынан  белгіленген тәртіпке сәйкес рұқсат  алуы талап етіледі.
17. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрациялар  өткізуге ауданның жергілікті атқарушы органы рұқсат бермеген жағдайда немесе оның өтуіне тыйым салған шешім қабылдаған кезде, уәкілдер (ұйымдастырушылар) жедел түрде барлық дайындық іс-шаралар жұмыстарын тоқтатып, әлеуетті қатысушыларға осы туралы  хабарландыру  тиіс.
18. Егер жиналысты, митингіні, шеруді, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткізудің мақсаты нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік араздықты, діни төзімсіздікті, тектік астамшылықты қоздыру, конституцияның құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің басқа қағидаларын бұзу болса немесе оларды өткізу қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса, ауданның  жергілікті атқарушы органы оларды өткізуге тыйым салады.
19. Көпшілік  шараларды темір жол, су және әуе көлігінің объектілерінде, сондай-ақ мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың (қалалық  қоғамдық көлік, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа  энергия көздерімен жабдықтау) және денсаулық сақтау мен білім беру мекемелерінің жанында өткізуге жол берілмейді.
20.  Егер өтініш берілмеген жағдайда, тоқтату жөніндегі шешім қабылданғанда, өткізу тәртібі бұзылған болса, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген және қоғамдық тәртіп бұзылған жағдайда жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, ауданның жергілікті атқарушы органының  нұсқауы бойынша жедел түрде тоқтатылуы тиіс.
21. Ауданның жергілікті атқарушы органы  өкілінің талабын орындауынан бас тартқан жағдайда, оның нұсқауы бойынша ішкі істер органдарымен жиналысты, митингіні,  шеруді, пикет коюды және демонстрацияны тоқтату жөніндегі  қажетті шаралар қолданады.
22. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізудің белгіленген тәртібін бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
23. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізу кезінде келтірілген материалдық залалы үшін оларға қатысушы азаматтар, қоғамдық бірлестіктер мемлекетке заңда белгіленген тәртіп бойынша өтем жасауы тиіс.
24. Жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация өткізілетін жерде туындаған барлық қосымша шығындарды, соның ішінде қоғамдық тәртіпті сақтауға, үй-жайларды беруге, санитарлық  тазартуға, жарық беруге және радиоландыруға байланысты шығындарды олардың  ұйымдастырушылары өтейді.

 

Жиналыстар, митингілер, шерулер,
пикеттер және демонстрацияларды
өткізуді реттеу бойынша тәртібіне
1- қосымша

Митингтер мен жиналыстарды өткізу орындары
 1.Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы;
Бөрлі ауданы, Ақсай қаласында  Абай даңғылының соңы ( сахна маңы);
2. Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы;
Бөрлі ауданы, Ақсай қаласында  Железнодорожная көшесі, 139, орталық стадион;

 

Жиналыстар, митингілер, шерулер,
пикеттер және демонстрацияларды
өткізуді реттеу бойынша тәртібіне
2- қосымша

 

Шеру және демонстрация өткізетін орындардың  маршруттары

Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы:

1)  Абай даңғылынан бастап Сырым Датұлы көшесіне дейінгі аралықтағы Железнодорожная көшесі  бойынша

2)Абай даңғылындағы сахнадан бастап Железнодорожная көшесіне дейінгі аралықтағы  Абай даңғылы бойынша