Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әр ел үшін Конституция – мемлекеттің маңызды бөлшегі, ар мен намыс нышаны.

Бүгінде Қазақстан Республикасының Конституциясы егемендіктің кепілі ретінде бірлігімізді нығайтты, тұрақтылық пен келісімнің өзегіне, жасампаздықтың белгісіне және іргелі істер мен қазіргі жеңістеріміздің бастауының қайнар көзіне айналды.

Қазақстанның халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі – Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын әрбір қазақстандық терең сезінеді. Қазақстан Конституциясын қатаң сақтау және құрметтеу - әрбіріміздің азаматтық борышымыз, бүгінгі және келер ұрпақ алдындағы өз Отанымызға деген құрметіміз.

Баршаңызды осы айтулы мерекемен құттықтап, зор денсаулық, бейбіт өмір, отбасыларыңызға ырыс пен ынтымақ, бақ-береке тілеймін.

Құрметпен, аудан әкімі С.Әлиев