Бөрлі ауданының Бөрлі ауылында облыс әкімі Алтай Көлгіновтің қатысуымен жаңа спорттық кешен салтанатты түрде пайдалануға берілді.

Спорт кешенінде бокс, қазақ күресі, волейбол, футбол, баскетбол, допты хоккей, шаңғы үйірмелері жұмыс жасайтын болады. Ауыл тұрғындарын бұқаралық спортқа тарту жұмыстары да жоспарланған. Ол үшін аудан әкімдігі кешен жанынан хоккей мен футбол алаңдары салынады деп жоспарланып отыр. Нысан КПО б.в. компаниясының әлеуметтік жобасы негізінде салынды. Жобалық құны 321 млн. теңге болатын кешен 320 орындық.