2018 жылғы 27 қарашада аудан әкімі аппаратының басшысы- Әдеп жөніндегі уәкілі Дархан Мутигуллиевич Агедилов аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің, Ақсай қаласы, ауылдык округ әкімдернің және дербес бөлім басшыларының қатысуымен - Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің  әдеп кодексіне сай мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақытта Әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын ұстану, Әдеп нормаларын сақтау бойынша  отырыс өткізді. Отырысты қорытындылай келе, аудан әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілерден өздерін Әдеп кодексінің талаптарына сай ұстауларын  талап етті.