2018 жылдың 11 желтоқсанында аудан әкімдігінің үлкен залында аудан әкімі С.Ж.Әлиевтің төрағалығымен қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны мәселесі бойынша жиналыс өтті.

Жиналыс жұмысына облыстық экология департаменті басшысының орынбасары М.Ермеккалиев, облыстық экология департаментінің, табиғат ресурстарын пайдалану және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері, аудан әкімінің орынбасары Е.Ихсанов, аудандық ТҮ КШ ЖКжАЖ, тұрғын үй инспекциясы бөлімдерінің, кәсіпорындар мен коммуналдық қызмет басшылары, Ақсай қаласы мен ауылдық округ әкімдері  қатысты. Жиналыс барысында облыстық экология департаменті басшысының орынбасары М.Ермеккалиев Қазақстан Республикасының 2019 жылдан бастап «жасыл экономикаға» көшу мәселесі бойынша экологиялық кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігі туралы баяндап, алдағы уақытта қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, жинақтау және көмуді жүзеге асыру бойынша қабылданатын шаралар қажеттілігі туралы баяндады.