Аудан әкімінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №559–ө өкімімен Жанабай Набиевич Каналин Бөрлі ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры қызметіне тағайындалды. 

Жанабай Набиевич Каналин 1959 жылы 01 шілдеде Ақтөбе облысы  Қарабұтақ ауданында дүниеге келген. 

1980 жылы  Батыс Қазақстан  ауыл шаруашылық институтын  зооинженер мамандығы бойынша, 2009 жылы Еуразия академиясын  мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша тамамдаған.  

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2007 жылдың  тамыз айынан  бастап Бөрлі ауданы әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің меңгерушісі қызметінен бастаған.  2008 жылдың мамыр айынан бастап 2013 жылдың қаңтар айына дейін Бөрлі ауданы әкімі аппаратының басшысы болып, 2013 жылдың қаңтар айынан бастап  Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.