Бүгін аудан әкімі С.Әлиев Бөрлі аудандық перзентхана үйінде Тәуелсіздік күні мерекесінде дүниеге келген  сәбилерге сыйлықтар тарту етті.

Санжар Жұматайұлы мереке күні  тәуелсіз елге жаңа азаматтарды  дүниеге  әкелген 3 ананы құттықтады. Назгүл Бикбулатова (3670гр 54см)  мен Анара Казиева (3380гр 55см) қыз  балалар босанды. Ал Назгүл Утепованың (3930гр)ұлы отбасындағы  бесінші баласы.Батырды үйінде 4 ағасы асыға күтуде. Басшылықтың құттықтауымен қоса аналарға сәбилерге арналған  құнтақтау үстелі  жиынтығы мен тасымалдағыш  табыс етілді. Мереке күні кешінде тағы да екі ұл бала дүниеге келді. Бұл батырларғада сыйлықтар табыс етілетін болады.