2019 жылдың 3 қаңтары күні Қарашығанақ мұнайгаз конденсатты кен орны бар Бөрлі ауданда қайнаған еңбектен, көп ұлтты тұрғындардың тыныс-тіршілігінен, тұрмысынан, салт-дәстүрінен, әдет -  ғұрпынан  хабар беретін  Бөрлі тарихи-өлкетану музейінің заманауи үлгідегі жабдықталған музей экзпозициясының ашылу салтанаты болып өтті.

Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ғ.А.Оспанқұлов, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қ.Қ.Мұсағалиев, Бөрлі ауданының әкімі С.Ж.Алиев, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры М.Б.Ерсаев, ардагерлер, мекеме басшылары,  аудан тұрғындары, музей қызметкерлері  және БАҚ өкілдері қатынасты. Ашылу салтанатында музей экспозициясымен танысқан облыс әкімінің орынбасары Ғ.А.Оспанқұлов өз сөзінде Мемлекет басшысының жариялаған  «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен  «Ұлы  даланың жеті қыры» мақаласында  музейлер жұмысының маңыздылығын, әлемді мойындатқан ұлыларымызды, данышпандарымыз бен даналарымызды танып-білу мен  асты-үсті байлыққа толы кең даламыз жайлы атап айтқан болатын. Музей бұл тұнып тұрған тарих. Ал тарихымызды толық саралай алмасақ, жете білмесек, онда келешек бізге құшағын ашпасы анық. Сайып келгенде бұл жұмыстардың барлығы келешек ұрпақ үшін қажет дей келе  Жаңа жыл  қарсаңында ашылып отырған заманауи үлгідегі жабдықталған музейдің халыққа қызмет етуіне үлестерін қосып, осынау игілікті істің басы-қасында жүргендердің барлығына зор ризашылығын білдірді. Бөрлі музейінің негізін қалап, алғашқы басшылық қызметін атқарған музей ардагерлері Мурзагалиев С.Х. зор ризашылығын білдірсе 


Б. Жолдығалиқызы қазақы дәстүрмен шашу шашты.