Жылы жүзбен, жақсы тілекпен көріскен көпшілік атаулы мерекеде Ғ. Жәңгіров атындағы саябаққа жиналды. Күннің қабағы қатулы болғанымен алаңға шыққан көпшіліктің көңілі көтеріңкі болды.

Шарда «Қазақ», «Юлдуз», «Армян», «Единая», «Приуралье», «Ялгат», «Тонг-иль» этномәдени орталықтар мен бірлестіктер жұртшылыққа өз ұлтының тарихы мен дәстүрін баяндайтын көрме мен ұлттық тағамдарын ұсынды.

Шарада аудан әкімінің орынбасары А. Сафималиев, аудандық мәслихат хатшысы А. Куликешев, Ақсай қаласының әкімі Ж. Ермұқановтар мерекені тойлаушылармен бірге болды.

Мерекенің көркін кіргізгізіп, ажарын ашқан концертті аудандық демалу орталығы ұйымдастырды.

Арқан тарту, асық ату, қол күресі және гір спортынан бақ сынаған спортшылар өзара мықтыларды анықтады.

Осылайша бір үйдің баласындай, «Достық» деген мекенде өз тілі мен діні, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтаған этнос өкілдерінің татулық меркесесін атап өтті.

Айым НҰРҒАЛИЕВА