Осынау мерейлі күнде Бөрлі аудан жұртшылығы Женіс алаңына жиналып, мерекені тойлады. Ұлы Отан соғысы ардагері Михаил Панченко ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін және аудан халқын Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар шарада аудан әкімінің орынбасары Қайрат Өтегенов, аудандық мәслихат хатшысы Әділхан Куликешовтар аудан халқын құттықтады.

Отан үшін өмірін қиған барша батырларымыздың рухына бас иіп, бүгінгі бейбіт күніміз бен нұрлы болашағымыз үшін қасық қаны қалғанша жаумен шайқасып, бүгінгі күнге аман жеткен ардагерлерімізге алғысымыз шексіз.

Шарада Отан үшін күресіп, қаза болған жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алған жұршылық Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестеріміздін мемореиалына гүш шоқтарын қойды.

Меркеелік шара аудандық демалу орталығының ұйымдастырған «Ел мен ердің жеңісі» атта көнцертпен жалғасты.
Бір кездері жауға қарсы қару ұстаған қолдары бүгінде таяқ ұстап, Жеңістің 71 көктемін құшақтары гүлге, көздері жасқа толып қарсы алған ардагерлеріміз аман болсын. Жасасын Жеңіс!

Айым НҰРҒАЛИЕВА