Аталмыш мерекеде Қайрат Уалиұлы жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге және әскери спорттық іс-шараларды сапалы ұйымдастырғаны үшін аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қ. Насиповты Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовдың медалімен, алғашқы әскери дайындық сабағын сапалы ұйымдастырғаны үшін Ақсай техникалық колледжінің оқытушысы Б. Сақыпқалиевті Авиация генерал-майоры Талғат Бигильдиновтың меладімен марапаттады.
Сонымен қатар еліміздігі шаруашылық қызметі субъектілерін толық саралау нәтижесінде, автокөлікпен жүк тасымалдау ретингінде «Жалпы салық», «Өрлеу қарқыны», «Даму серпіні», «Сала көшбасшысы» аталымдары бойынша үздік танылған «Ақсайавтотранс» АҚ «Сала көшбасшысы — 2016» құрметті атағы, ұлттық сертификатымен және белгісімен марапатталды.

Және көрнекті басқарушылық шеберлігі, кәсіпорын қызметін тиімді ұйымдастыру және қаржы-экономикалық көрсеткіштердің өсуіне жеке үлесі үшін «Ақсайавтотранс» АҚ президенті И. Хасанов «Экономика мақтанышы» орденімен, жоғарғы кәсіби шеберлігі, бастамашылдығы және кәсіпортынның дамуына қосқан сүбелі үлесі үшін «Ақсайавтотранс» АҚ техникалық қымет көрсету және жөндеу станциясының бастығы С. Баймукашев «Кәсіби саладағы сіңірген еңбегі» үшін медалімен марапаттады.
Сонымен қатар еңбектегі үздік жетістіктері, міндеттерді шешудегі ұтымды тәсілдемесі, өз ісіне берілгендігі және кәсіби шеберлігі үшін «Ақсайавтотраныс» АҚ өндіріс, маркетинг және сапаны бақылау бөлімінің бастығы С. Ибраимов «Жыл маманы — 2016» ұлттық сертфикатымен марапаттады.
Салтанатты шара аудандық демалу орталығы ұйымдастырған тамаша мерекелі концертке ұласты.

Айым НҰРҒАЛИЕВА