Аудан әкімдігінің үлкен залында аудандық мәслихатының ІІІ кезекті сессиясы өтті.

 Күн тәртібіндегі қаралатын мәселе бойынша мінберге көтерілген аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Шамғонова 2015 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуын нақтыласа, БҚО бойынша тексеру комиссиясының мүшесі М.Қыдырбаев Гүлнар Төлегенқызының баяндамасын қорытындылап, аудан бюджетінің орындалуына қанағаттанарлық баға берді. Сонымен қатар депуттаттар алдына шығып, есеп бергендер арасында аудандық ТҮКШЖК және АЖ бөлімінің басшысы Қ. Шарипов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы А. Тржанова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы О.Басимова болып, олар өз бөлімдеріне бюджеттен бөлінген ақшаның сомасы мен жұмсалу мақсатын түсіндірді.

Бөрлі ауданының ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы А. Каиргалиев болса Бөрлі ауданының ішкі істер бөлімінің полиция қызметінің жұмысы туралы кең ақпарат берді. Ал, Пугачев селолық округінің әкімі Т. Казжанов ауылдың әлеуметтік мәселелерін шешілу барысы жөнінде, Пугачев селолық округ әкімі аппаратының жұмысы туралы сөз қозғады. Баяндамашыларға аудандық мәслихат депуттары А. Агаев, М.Ізтілеуов және Қ. Ермекбаевтар толғандырған мәселелері бойынша сұрақтар қойып, маардымды жауап алды.

Сессияда аудандық мәслихат депутаттарынан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы О. Басимова «Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар мен өзгерістер енгізуді, ал, аудандық мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы А. Дарисов «Бөрлі ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізуді сұрады.

Сессия соңында мәслихат аппаратының басшысы Б. Мукашева Бөрлі аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы және кезекті сессиясының төрағасы туралы айтып өтті.

Айым НҰРҒАЛИЕВА