Жуырда Ақсайда аудан әкімінің орынбасары Қайрат Өтегеновтың төрағалығымен облыстық семинар болып өтті.

 Сонынмен қатар Ольга Махметқызы әр ауылдық округ әкімдеріне және Қарағанды, Қарақұдық және Кеңтүбек ауылдық округінің ассистенті Варвара Манукянға тұрғындармен жұмыс жасаудағы белсенділігі үшін алғысын жеткізді.

Өңірімізде өркен жайған «Өрлеу» бағдарламасы расымен өрлеп тұрғанын аудан тұрғындарының аталыш бағдарламаға қатысуынан байқауға болады. Мәселен 2015 жылы бағдарламаға 16 отбасы, соның ішінде 64 адам қатысып,оларға 2441956 теңге мөлшерінде көмек көрсетілді. Бұл қаржыға олар 12 бас ірі мал, 2 құлын, 80 құс, 3 бас шошқа, 15 бас қой, 400 мың теңгеге шөп және 224 теңгеге жем сатып алған. Ал 2016 жылы 29 отбасы, 122 адам қатысып, оларға 14 000000 теңге мөлшерінде көмек көрсетілуде. Бұл ақшаға 12 бас ірі мал, 1 құлын, 46 құс, 6 бас шошқы, 48 бас қой және 147 мың теңгеге жем-шөп сатып алынған.

-Ел дамуының ілгерлеуіне қабылданған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру аясында атаулы әлеуметтік көмектің тиімділігін арттыру, халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жаңғырту бөлігі негізінде «Өрлеу» жобасы шартты ақшалай көмек көрсету бойынша жұмыстармен 2014 жылдын бастап айналысып келеді. Ең алғаш аталмыш жобаға Ақмола, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары енгізілген болатын . Ал, 2015 жылы бұл жобаға республиканың 38 ауданы қосылды. Соның ішінде Батыс Қазақстан облысы бойынша Ақжайық және Бөрлі аудандары енді.

«Өрлеу» жобасының басты мақсаты аз қамтылған еңбекке қабілетті отбасына жәрдемақы төлей отырып, өз ортасына бейімдеу, әркімнің ел қатарлы өмір сүруіне құқы бар екендігін дәлелдеу болды. Бұл семинарға дейін аудандарыңызға қарасты Бөрлі ауылдық округінде болып, бағдарламаның оң нәтижесін көріп, риза болдық. Істеріңіз оңға баса берсін – деді дүниежүзілік банктың консультанты Кайни Манабаева. Ал атаулы әлеуметтік көмекке 2018 жылы енгізілетін өзгерістер жөнінде әлеуметтік департаментінің бас маманы Айнұр Абдрахманова кеңірек тоқталып, ауылдық округ әкімдерінің сұрағына жауап берді.

Семинарда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім бастығы Қайырғали Надырғалиев пен Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі Наталья Хайранбаева сөз алып, өз ойларын білдірді.

Айым НҰРҒАЛИЕВА