Құрметті аудан тұрғындары!

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «Халыққа базалық цифрлық дағдыларды оқыту курстарын өткізу, кадрларды қайта даярлау» іс-шарасы бойынша оқыту курстары 2019 жылдың маусым-тамыз аралығында жүргізіледі. Оқыту курстары кестеге   сәйкес өтетін болады.

Цифрлық сауаттылықты арттыру курстары төмендегі көрсетілген оқыту бағдарламалары бойынша жүргізіледі:

1. «Базалық цифрлық дағдылар» - дербес компьютер мен ноутбукті, мобильді құрылғыларды, интернет желісін пайдалану.

2. «Ашық үкімет» - ашық деректерді, ашық нормативтік-құқықтық актілерді, ашық диалог пен бюджетті пайдалану. 

3. «POST.KZ онлайн қызметтерінің гипермаркеті» және «Электрондық сауда» - тауарлар мен қызметтерді онлайн сатып алу, сату және жылжыту дағдылары.

4. «Электронды үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер» - электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді онлайн алу үшін egov.kz  электрондық үкімет веб-порталын пайдалану.

5. «Ақпараттық қауіпсіздік негіздері» - дербес деректерді қорғау дағдылары және интернет желісіндегі жұмыс қауіпсіздігі.

Оқыту курстарына тіркелу және қосымша  ақпарат алу үшін 8 (71133) 20-3-52 нөмірі арқылы CALL-орталыққа хабарласуыңызға болады.