Білім беру бөлімі:

Қазіргі уақытта ауданда  43 білім беру мекемелері бар.

43 мекемеде  3 мектеп – интернаттар бар. Олар  Ақсай қаласындағы  №5 ОББМ, Жарсуат орта мектебінде және Бөрлі қазақ орта мектебінде.

Ақсай қаласында орталық жылыту қазандықтарымен 17 білім мекемелері қамтылған, олар:

- 6 мектеп; - 7 балабақша; - 1 өнер мектебі; - 1 саз мектебі; - 1 жұмыстан қол үзбей оқыту мектебі; - 1 – мектептен тыс оқыту орталығы.

Басқа білім беру мекемелері ауылдық округтерде орналасқан, оларда автономды жылу қазандықтар бар.

Денсаулық сақтау мекемелері:

         Ауданда  27 денсаулық сақтау мекемелері бар, оның ішінде :

         - жергілікті газдың жылуымен – 16 ;

         - орталықтандырылған жылумен – 11;

         Аудандық орталық аурухана мен емхана газды жылу қазандықтармен жылытылады. Ауылдық елді мекендердегі денсаулық нысандары мектептің жылу қазандықтарымен немесе автономдық жылу қазандықтарымен жылытылады.

Мәдениет мекемелері:

Ауданда барлығы  46 мәдениет нысандары пайдаланылады, соның ішінде        19 ауылдық клуб және 27 кітапхана бар. Мекеме теңгерімінде 8 жылу қазандығы бар, оның 7 газбен жағылса,  Бесағаш селосындағы ауылдық мәдениет үйі қатты отынмен жағылады, көмірдің қажеттілігі 30 тонна құрайды, қазіргі уақытта 100 %-ға қамтамасыз етілген.

 

         Ақсайжылуқуат МКК-ның

         2019-2020 жылдарға жылу беру мерзіміне дайындығы штаттық режимде өтуде.

"Ақсайжылукуат" МКК-ны 114 көппәтерлі тұрғын үйлер мен  20 әлеуметтік мәдениеттік тұрмыстық нысандарды жылумен қамтамасыз етеді.  Бөрлі ауданы бойынша тұрғындар мен басқа да тұтынушыларға жылу беру үшін 36 жылу қазандықтары мен жылу жандыратындар бар, соның ішінде Ақсай қаласында 11-жылу қазандықтары.

1. Жаңа 4 және 5 орталық жылу қазандығында қуаттылығы 10 МВт 4 жылыту қазандығы бар, ол  77 көппәтерлі тұрғын үй,№3 және №4 екі білім беру мектебін, 4 балабақша, өнер мектебі, Ақсай техникалық  колледждерін жылытады. жылыту аумағы- 1188,7 ш.м., алаңы - 1,5га. Жылу тұтынушылар - 5188 пәтер, жалпы жылыту алаңы - 239 612 ш.м.,

Дайындығы  90%.

        2. 10 ықшамаудандағы жылу қазандығы   17 көппәтерлі тұрғын үй, 3 әлеуметтік мәдениеттік тұрмыстық нысандарын (білім беру мектебі, балабақша, мұражай) жылытады. Тұтынушылар саны  - 1533 пәтер , қазіргі уақытта 2 жылу қазандықтар қондырғысы сатылып алынып, орнату жұмыстарын жүргізу үшін, мердігер анықталуда.

            3. №1 жылу қазандығы 1 көппәтерлі тұрғын үй мен жатақхананы жылытады.

         Дайындығы  100%

4. №6 жылыту қазандығы  13 көппәтерлі тұрғын үй, №2 және №5 екі білім беру мектебі, балабақша, балалар саз мектебі, мәдениет үйі мен мектеп интернатын жылытады.

         Дайындығы  100%

        5.  № 5 жылу қазандығы отапливает  3 көппәтерлі тұрғын үй, 1 білім беру мектебі,  балабақша мен аудандық кітапхананы жылытады.              Дайындығы  100%

6. Карачаганак-1  ықшамауданындағы автономдық жылуқазандығы 90 пәтерлі 1 көппәтерлі үйді жылытады, дайындығы  100%

7. Карачаганак-1  ықшамауданындағы автономдық жылуқазандығы 75 пәтерлі 1 көппәтерлі үйді жылытады, дайындығы  100%

8. Карачаганак-1  ықшамауданындағы автономдық жылуқазандығы 144 пәтерлі 1 көппәтерлі үйді жылытады, дайындығы  100%

  "Ақсайжылуқуат" МКК –ның теңгерімінде Бөрлі ауданының ауылдық округтерінде 15 жылу қазандықтары бар, олар  46 әлеуметтік мәдениеттік тұрмыстық нысандарды (14 мектеп, 14 мәдениет үйін, 2 дәрігерлік пункт, 5 балабақша, 4 кітапхана, 3 аурухана, 1 қарттар үйін, 2 интернат, 1 саз мектебі) жылытады.   Дайындығы 100%

 «Ақсайжылуқуат» МКК теңгеріміндегі жылу жүйелері: 

         1. Ақсай қаласында ұзындығы - 57,2 шм, оның ішінде кварталаралық жылу жүйесі  38 924 м, магистралдық жылу жүйесі 18 256 м, тозулығы 7%.

         2. ауылдық округтердегі жылу жүйесінің жалпы ұзындығы  5,9шм.

          

 

 

              Бөлім басшысы                                                 Д.Акмамбетов