Екінші болып сөз алған Қазақстан журналисттер одағының мүшесі Қуанышқали Ғұсманов аудан әкімініен ауылшаруашылығы саласын дамытуды сұраса, патранатты ана Роза Нарбулатова балалар үйінің тәрбиеленушілеріне аса қамқорлық керек екендігін айтып, оларды баспанамен қамтып, тұрақты жұмысқа орналастыру қажеттілігін баяндады. Ал көп жылдары аудандық ауруханаға басшылық еткен, медицина саласының ардагері Валентин Юи болса аудандық медицинаға үлкен сын айтты. «Жаңа заманға сай салынған аудандық аурухана мен аудандық емхананың жұмысы өте нашар. Олай деуге себеп те жоқ емес, мәселен дәрігерлердің немесе медбикеледің науқастарға қарым-қатынасы өте төмен және де аудандық емханаға барған адам өзіне керекті кабинетті таба алмай, қиналады. Себебі емхананың сызбасы сызылған ақпарат жоқ»- деді Валентин Лентьевич. Сонымен қатар ол науқастарды парталға қоюдың әлектілігі мен дәрігерде қаралу себебінен болатын ұзын-сонар кезектің бейнетін айтып шағымданды. Осы орайда аудан әкімі А.Халелов жиналғандарға аудандық аурухананың жаңа басшысы Жұмабек Шайхиевті таныстырып, айтылған шағымдармен жұмыстанатындығын жеткізді. Сонымен қатар жиналғандар өңір басшысына Пугачев ауылдық округінің пошта қызметі, тұрғындардың мазасын алған жол мәселесі, азық-түлік бағасының өсуі, саябақтардың жәй-күйін айтып шағымданды. Ал ақын Әсия Мұхитова болса жалпы білім беретін №5 орта мектептің жанындағы даярлық тобы оқитын екі қабатты нысанның заман талабына сай келмейтіндігін, жөндеу көрмеген ескі ғимараттың бала өміріне қауыпті екендігін ашып айтты. Жиналғандардың арыз-тілегін тыңдаған өңір басшысы айтылған шағымдардың аяқсыз қалмайтындығына сендірді. Ал жиналғандар болса, аудан әкімінің жұмысына сәттілік тілеп, қашанда халыққа жақын болуын сұрады.

Аталмыш жиыннан соң өңір басшысы Алдияр Сансызбайұлы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Арман Өксікбаев және облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқарма басшысы Ахмет Ғұбайдуллиндермен бірге Березов ауылдық округінің тұрғындарына салынып жатқан 9 қабатты 153 пәтерлі үйдің және Аралтал шағын ауданында бой көтеретін 100 бір қабатты тұрғын үйдің құрылысымен танысып, құрылысшылардың арыз-шағымдарын тыңдап, шешу жолдарын ұсынды.
Тексеріс барысында жергілікті тілшілердің сұрағына жауап берген аудан басшысы Алдияр Халаелов «Березов ауылдық округінің тұрғындарына салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы белгіленген уақытында аяқталып, пайдалануға беріледі. Кейбір туындаған мәселе бойынша облыстық құрлыс басқармасының басшыларымен бірігіп шешудеміз» — деді.

Айым НҰРҒАЛИЕВА