Кітап – білім бұлағы, қайнар көзі. Ілім, білімді кітаптан іздеген көпшілік кітапханаға барып, керегін табады. Оқырманына жарты ғасырдан астам қызмет етіп еле жатқан орталық аудандық кітапхана өзінің 65 жылдық мерейтойын тойлады.

Мереке мен салтанат келіскен шарада кітапхананың кешегісі мен бүгінгісі баяндалған бейнефильм көрерменге ұсынылды.
Астық қабылдау пунктінің қызыл бұрыш бөлмесінен басталған кітапхана ол кезде мәдени ошақ Қазақстан станциясындағы «поселкелік кітапхана» деп аталған. 1951 жылы Қазақстан кентінде кітапхана болып ашылды. Бірінші меңгерушісі болып И.Сидоренко, одан кейін М.Таничкин қызмет етті. Кітапханашы болып А.Белочкина жұмыс жасады. 1955 жылы қатардағы кітапханашы болып, 40 жыл еңбек еткен ардагер К.Макарова қабылданады. 1960 жылдың 1 маусымынан бастап К.Макарова кітапхана меңгерушісі, кітапханашы болып В. Таранова болып жұмыс жасайды. Кітапхана қоры өсіп қызметкерлерде толығып 1962 жылы аудан орталығы Бөрлі поселкісінен «Қазақстан» станциясына көшірілді. 1967 жылы ол Ақсай қаласы деген атаққа ие болды. Осы жылдан бастап «қалалық кітапхана» деп аталды. Ал 1976 жылдан бастап қалалықтың негізінде аудандық кітапхана құрылды. 1979 жылы Совет көшесінде орналасқан қазіргі Мәдениет үйіне көшіріледі. Осы жылдардың ішінде алғашқы болып аудандық кітапханада М. Клавдия, В.Журавлева, В.Павлова, Л.Белая, Т.Масыч, Р.Асанова, А.Бабич, В.Устич, Г.Бокаева, Л.Землянушина, Г.Тайкешева, Ғ.Әбішева, ВИдрисова, Р.Давлетова, Ж.Құрманғалиевалар бар білімдерін, күш-жігерлерін аямай қызмет жасаған ардагер кітапханашылар мен меңгерушілер.
Жыл сайын кітап қоры молайып, оқырмандар саны арта түсуде. Қазіргі таңда 65 жылдық тарихы бар кітапханада 36577 кітап қоры, 4047 оқырманы бар, 45 орыс-қазақ тілдерінде мерзімді басылымдары бар, РАБИС бағдарламасы, 20 орындық оқу залы мен абонемент, кітап қоры жинақталған бөлімдері бар орталық аудандық кітапханада меңгеруші Сәндігүл Ихсанова мен кітапханашылар Н.Джусупова, В.Иманова, Б.Бергалиева, Н.Құрманғалиева, А.Хайруллина қызмет атқарып келеді.
Шарада аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Дариға Нұрашова мен аудандық өлкетану мұражайының бас есепшісі Әсия Жиенбаева сөз сөйлеп, кітапхана ұжымына алғыс хат табыс етті.

Өз кезегінде кітапхана меңгерушісі Сәндігүл Манарбекқызы кітапхана саласына қолдау көрсетіп, өткен іс-шараларға белсене атсалысып, шығармашылық байланысыты шыңдай түскені үшін аудандық демалу орталығының директоры Б.Макеевқа, балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры А.Исановқа және Ақсай техникалық колледжінің директоры М. Дияровқа алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.

Кітапхана саласының саналы түрде дамып өркендеуі жолына өз үлестерін қосқан ардагер кітапханашылар Жанзипа Құрманғалиева мен Сұлушаш Мендібаева, да сөз сөйлеп, әріптестерін құттықтады.

Кітапхана- оқырманымен құнды. Шараға келегн кітапханаң тұрақты ардагер оқырманлдары Қ. Қайырмұқанов, А.Қазиев, Қ.Нарболатова, Қ. Дүйсенбаев, А.Акишева, А. Нұрғалиевтар да кітапхан меңгерушісі Сәндігүл Ихсанованың алғыс хатына ие болды. Сонымен қатар кітапхана басшысының қолынан аудандық демалу орталығының қызметкерлері Мұхит Бірәнов, Абдул Рахметов, Самал Діңғалиева, Қамбар Жылқыбаев,Әсел Молдағалиева, Әсел Куджанова, Зәуре Ирғалиева, Алдаберген Аймағамбетов, Ержан Зейнетдинов және Айболат Какимовтар да алғыс хатқа ие болды. Сонымен қатар шарада кітапхана ісін дамыту, мәртебесін көтеру, кітапхананың ел мүддесі үшін қажеттілігін арттыру жолында өлшеусіз үлес қосып келе жатқан кітапханашылар Насуха Жүсіпова «Оқырман жанашыры», Венера Иманова «Үздік ұйымдастырушы», Баянсұлу Берғалиева «Әмбебап кітапханашы», Асыл Хайруллина «Іскер кітапханашы», Оразғаным Кубекова «Ізденімпаз кітапханашы» аталымдармен марапатталады.


Айым НҰРҒАЛИЕВА