Ел мерейін үстем еткен тәуелсіздігіміздің торқалы тойы қарсаңында бүгін Успен және Жаңаталап елді-мекендерінде салтанатты жиын мен мерекелік концерт өтті.

Шара барысында қос ауылда да жианалыс өтіп, онда Жаңабай Нәбиұлы аудан әкімі Алдияр Халеловтың атынан егемен елдің тұғырын нығайтуға және халқымыздың игілігін арттыруға бағытталған адал қызметі үшін жаңаталаптық Ермекқали Бутековты, Төрехан Исқалиевті және успендік Сергей Артемевтерді алғыс хатпен марапаттап, естелік сыйлық ұсынды. Ал ауыл әкімі Ғарифолла Зейноллин аудан әкімінің орынбасары Жаңабай Қаналиннің алғыс хатымен Успен және Жаңаталап ауылдық округтерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына және шаруашылықта зор үлес қосып жүрген Нұрлан Иштаевты, Жұмағали Бажбиевті, Асхат Давлетовты, Манас Исқалиевті, Асылбек Ғизатуллинді және Иван Павлюкті марапаттады.

Сондай-ақ Ж.Каналин ауыл тұрғындары батыр ана Маржан Жантасова мен тыл ардагерлері Анна Багаевалардың шаңырақтарына барып, тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, сый-сыяпат жасады.
Айым НҰРҒАЛИЕВА