Сиқыры мен тосын сыйы көп мереке қарсаңында Ақсайда дәстүрлі аудан әкімінің шырша тойы өтті. Аталмыш шараға әртүрлі жастағы 115 бала шақырылып, қонақ болды.

Аталмыш мерекеге Орынбор облысының Елек ауданына қарасты Димитрово орта мектебінің 10 оқушсы да қатысып, Аяз атаға өз өнерлерін көрсетті. Димитрово орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ольга Толстикова сөз сөйлеп, бөрліліктерге ризашылығын білдірді.

Жарқын мереке барысында әр бала бір дорба тәтті сыйға алды. Қызық пен шаттыққа толы болған жарқын мереке әр баланың жүзіне қуаныш пен күлкі сыйлады.

Айым НҰРҒАЛИЕВА