Жуырда Бөрлі селолық округінде көше атауларын өзгертуге арналған ауыл тұрғындарымен жиын өткізілді.

Бір тұрғынның айтуы бойынша, «Сендер барлығын қазақ тіліне өзгертіп, орыс тілін жоқ қылмақшысыздар. Бара-бара барлығы қазақшаға ауыстырылып, орыс тілі қолданыстан қалады» деп айтпасы бар ма? Біле білсеңіз, «Конституцияда көрсетілгендей, қазақ тілі мемкеттік тіл болып табылады. Сонымен қатар Конституцияда мемлекеттік органдарда қазақ тілімен қатар орыс тілі де қолданылады, деп көрсетілген. Бұл біздің Конституциямыздың нормасы және оны ешкім де бұза алмайды», — деп мемлекет басшысы атап көрсеткен болатын. Дегенменде ономастикалық комиссияның шешімімен және тұрғындардың дауыс беруімен 16 көше атауынан 13 көше атауы өзгертіледі. Атап айтар болсақ, «Чапаевская» – «Чапаев», «Уральская – Орал», «Колхозная» – «Богатырев», «Пролетарская» – «Бауыржан Момышұлы», т.б. көшесі болып аталатын болды. Комиисияның айтуы бойынша бұл шешім ең алдымен облыстық ономастикалық комиссияға жіберіледі, содан кейін олар мақұлдаса аудандық әкімшілікке беріледі.