2017 жылдың 18 қаңтарында  Бөрлі ауданының əкімі А.Халеловтың жəне Ақсу ауылдық округінің əкімі Ғ.Өтепбергеновтің Ақсу ауылдық округінің тұрғындарымен есеп беру кездесуі өтті. Кездесуге аудан əкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдердің, коммуналдық қызмет көрсететін ұйымдардың басшылары,  аудандық мәслихат депутаттары қатысты. 

Ауылдық округ əкімі өз баяндамасында атқарылған жұмыстар мен ауылдың өзекті мәселелеріне тоқталып кетті. Кездесу барысында  ауылды таза ауыз сумен жəне сапалы интернетпен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. Аудан əкімі А.Халелов ауыл тұрғындары көтерген негізгі мәселелер бойынша қажетті шаралар қабылданатынын атап кетті. Сонымен қатар ауыл шаруашылығын көтеру мәселесіне тоқталып,  тұрғындарды туған ауылдарын көркейтуде белсенді жұмыстануға шақырды. Бұл бағыт  бойынша аудандық ауыл шаруашылығы, кəсіпкерлік бөлімдерінің басшылары ауыл тұрғындарына мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат берді.