Аудан әкімдігінің үлкен залында өткен Бөрлі ауданы мәслихатының кезекті 32 сессиясын сессия төрағасы депутат А. Манашев жүргізді.

Алдымен сөз алған экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің меңгерушісі Г.Шамгонова «2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 23-12 «2015-2017 жылдарға арналған Бөрлі ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» баяндап, ағымдағы жылдың 9 айында бюджеттің орындалуы жөнінде ақпарат берді.

Биыл Бөрлі ауданының бюджеті 9 305 985,8 мың теңгені құрады. Ал 9 айдағы бюджеттің кіріс бөлігі жоспар бойынша 7 127 545 мың теңге болса, 7 420 629,4 мың теңге, яғни 104 пайызға орындалған. Республикалық және облыстық бюджеттен кредиттер мен трансферттер бойынша 2 607 187,8 мың теңге қаралып, түсімдер 2 607 187,8 мың теңгені құраған. Соның ішінде атап айтқанда, мақсатты ағымдағы трансферттер 513 599,8 мың теңгеге жоспарланып, одан 513 599,8 мың теңге сомма түскен. Дамуға арналған трансферттерге 749 507 мың тенге жоспарланған болса, түскен қаражат та осындай. Ал кредиттер жоспар бойынша 1 344 081 мың теңгені құрап, 1 188 604 мың теңге түсіп отыр. Баяндамашының айтуынша аудан бюджетінің шығыс бөлігі 6 918 148,8 мың теңгеге орындалған екен. Бұл жоспар бойынша 7 127 545 мың теңгені құрап отыр. Сондай-ақ аудан бюджеті бойынша 209 396,2 мың теңге игерілмей қалып отыр.

Сонымен қатар баяндаған Гүлнар Төлегенқызы 2016-2018 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы ақпарат берді. 2016 жылға арналған аудандық бюджеттің өз кірістері, яғни салық, салықтық емес және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 6330732 мың теңге сомасында жоспарланған. Бұл 2015 жылы бекітілген сомадан 1,1 пайызға көп. «Негізінен, аудандық бюджет реттелетін салық аударымдары бойынша қалыптасады. Ол барлық аудан бюджетіне түсетін түсімнің 85,1 пайызын құрайды. Қазақстан Республикасының бюджет кодексіне сәйкес аудандық бюджетте бекітілген кірістер контингенті 881853 мың теңге сомада қарастырылуда, салықтық емес түсімдер – 69888 мың теңге. Ал негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 82228 мың теңге. 1995-1999 жылдары астық есебінде мемлекеттік бюджеттен кредит алған ауылшаруашылық тауар өндірушілерден бережақты өндіру үшін 11591 мың теңге қаражат қарастырады», - деп атап өтті Гүлнар Шамғонова. Барлығы аудан бюджетінің кірісі 7 276 804 мың теңгені құрайды. 2016 жылы аудандық бюджет шығындары 7 276 804 мың теңгені құрамақ. Келер жылдың бюджетінде басқару органдары үшін, яғни аудан әкімі, ауылдық округ және Ақсай қаласының әкімі аппараттары, аудандық мәслихат және 13 дербес бөлімдердің 439,5 штат бірлігіндегі мемлекеттік қызметшілерді, жұмысшыларды ұстау шығындары үшін 726392 мың теңге қарастырылған. Александровка және аудан әкімдігін, Қарақұдық ауылдық округ әкімі аппараты ғимаратын ағымдағы жөндеу жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Білім беруге 3370173 мың теңге, әлеуметтік көмекке 247922 мың теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа 1033906 мың теңге, құрылыс және сәулет саласына 146215 мың теңге, мәдениет, спорт, туризм, мұрағат және ақпараттық кеңістік бойынша бюджеттің шығындары 599369 мың теңге сомада болжанған. Ал ауыл, су, орман шаруашылығы, жер қатынастары және қоршаған ортаны қорғау саласына 91564 мың теңге сомада қаражат қарастырылған. Келер жылдағы басқа да шығындар үшін 1029281 мың теңге жоспарланып отыр.

Бөлім басшысы сонымен қатар «2017 жылға дейінгі Ақсай қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу және 2016-2020 жылдарға арналған Бөрлі аумағын дамыту бағдарламасын бекіту туралы баяндады. Тиісті шешім қабылданды.

Сессияда Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы О. Басимованың мәлімдемесі тыңдалды. Бөрлі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №17-3 «Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізілді.

Бөрлі ауданы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аудандық комиссиясының, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомоствоаралық және терроризмге қарсы комиссиялары құрамына өзгерістер енгізіліп, бекітілді.
Келесі болатын сессия төрағалығына №10 «Бөрлі» сайлау округінен сайланған депутат К.Т. Ермекбаев сайланды. Аудан әкімінің орынбасары Ж. Каналин мен мәслихат хатшысы А. Куликешев жаңадан қабылдағнған бюджет ауданымыздың әлеуметтік дамуы үшін іске асырылып, осы жолда бөрліліктер тиімді де тиянақты жұмыстар атқаруы қажеттігін атап өтті.

Ясипа РАБАЕВА